Қандастар Ассамблея

Жылына 5 мың кітаптың электрондық нұсқасы жасалады

31.01.2013 2185
Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы базасындағы республика кітапханалары қоры негізінде Мемлекеттік электрондық кітапхана құру жобасы аясында 5 мың кітаптың электрондық көшірмесі жасалады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «ҚР кітапханалар ісі туралы» көшпелі отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева мәлімдеді, деп хабарлады bnews.kz. «12 мың кітап пен 300 диссертацияның электрондық көшірмесі бар. Бағдарламалық құралдар жетілдіріліп, технологиялық үдерістер жақсартылатын болады, сонымен қатар ұлттық кітап қорын электрондық форматқа көшіру орталығы құрылмақ. Бұл жыл сайынғы кітаптардың электрондық көшірмелерін жасау көрсеткішін жылына 5 мың кітапқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Ж. Құрманғалиева. Жауапты хатшының айтуынша, электрондық форматқа көшіріліп жатқан кітаптардың саны бүгінде жылына 1 мың дананы құрайды.

Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы базасындағы республика кітапханалары қоры негізінде Мемлекеттік электрондық кітапхана құру жобасы аясында 5 мың кітаптың электрондық көшірмесі жасалады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «ҚР кітапханалар ісі туралы» көшпелі отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева мәлімдеді, деп хабарлады bnews.kz.

«12 мың кітап пен 300 диссертацияның электрондық көшірмесі бар. Бағдарламалық құралдар жетілдіріліп, технологиялық үдерістер жақсартылатын болады, сонымен қатар ұлттық кітап қорын электрондық форматқа көшіру орталығы құрылмақ. Бұл жыл сайынғы кітаптардың электрондық көшірмелерін жасау көрсеткішін жылына 5 мың кітапқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Ж. Құрманғалиева.
Жауапты хатшының айтуынша, электрондық форматқа көшіріліп жатқан кітаптардың саны бүгінде жылына 1 мың дананы құрайды.

Ұқсас материалдар