Қандастар Ассамблея

Microsoft корпорациясы Office 365 Home Premium-ның қолжетімділігі туралы жариялады

30.01.2013 2212
Бүгін Microsoft корпорациясы Office 365 Home Premium-ның дүние жүзі пайдаланушыларына қолжетімділігі туралы жариялады. Бұл жөнінде Қазақстан баспасөз клубы хабарлады.  «Office 365 Home Premium – іскерлік міндеттер мен отбасылық өмір арасындағы балансты табуға ұмтылған қазіргі заманның адамдарына арналған бұлтты сервис. Жаңа өнім Office-тің соңғы жаңа қосымшалары мен толық жиынтығынан, SkyDrive серверінде мәліметтерді сақтау, Skype қоңырауларын соғу қызметтерінен тұрады және бес құрылғыда (пленшет, компьютерлер мен Mac компьютерлері) жұмыс істей береді», - делінген ақпаратта. «Бұл Office-тің кезекті нұсқасы ғана емес. Бұл пайдаланушыларға арналған бұлтты сервис түріндегі Office, - деп атап өтті Microsoft корпорациясының басшысы Стив Балмер.- Office 365 Windows 8 және Windows Phone 8 секілді сізге таңдау құқын сыйлайды: сіз қалағаныңызды кез келген уақытта жасай аласыз».

Бүгін Microsoft корпорациясы Office 365 Home Premium-ның дүние жүзі пайдаланушыларына қолжетімділігі туралы жариялады. Бұл жөнінде Қазақстан баспасөз клубы хабарлады. 
«Office 365 Home Premium – іскерлік міндеттер мен отбасылық өмір арасындағы балансты табуға ұмтылған қазіргі заманның адамдарына арналған бұлтты сервис. Жаңа өнім Office-тің соңғы жаңа қосымшалары мен толық жиынтығынан, SkyDrive серверінде мәліметтерді сақтау, Skype қоңырауларын соғу қызметтерінен тұрады және бес құрылғыда (пленшет, компьютерлер мен Mac компьютерлері) жұмыс істей береді», - делінген ақпаратта.
«Бұл Office-тің кезекті нұсқасы ғана емес. Бұл пайдаланушыларға арналған бұлтты сервис түріндегі Office, - деп атап өтті Microsoft корпорациясының басшысы Стив Балмер.- Office 365 Windows 8 және Windows Phone 8 секілді сізге таңдау құқын сыйлайды: сіз қалағаныңызды кез келген уақытта жасай аласыз».

Ұқсас материалдар