Қандастар Ассамблея

Ергежейлі пілдердің өлі денелері табылды

30.01.2013 2534
Малайзияның тропикалық ормандарынан сирек кездесетін пілдердің өлі денелері табылды. Ергежейлі пілдер Гунунг Рара қорығының маңында жатқан. Алайда мамандар олардың 3 айлық баласын аман алып қалғанын айтты. Жануарларға сырттан еш зиян келмеген. Мамандардың жүргізген зерттеу жұмыстары «пілдердің өліміне асқазан-ішек ауруы мен қанның ішке кетуі себеп болуы мүмкін» деген тұжырымға әкелді. Алайда әзірге нақты себебі белгісіз. Әлемдік аңдар қорының мәліметіне сүйенсек, Сабах штатында мекендейтін ергежейлі пілдердің 1,5 мыңы ғана қалған. 2,5 метрлік бұл жануарлар Африка немесе Азия пілдеріне қарағанда жұмсақ болып келеді екен. 24 KZ  

Малайзияның тропикалық ормандарынан сирек кездесетін пілдердің өлі денелері табылды. Ергежейлі пілдер Гунунг Рара қорығының маңында жатқан. Алайда мамандар олардың 3 айлық баласын аман алып қалғанын айтты. Жануарларға сырттан еш зиян келмеген. Мамандардың жүргізген зерттеу жұмыстары «пілдердің өліміне асқазан-ішек ауруы мен қанның ішке кетуі себеп болуы мүмкін» деген тұжырымға әкелді. Алайда әзірге нақты себебі белгісіз. Әлемдік аңдар қорының мәліметіне сүйенсек, Сабах штатында мекендейтін ергежейлі пілдердің 1,5 мыңы ғана қалған. 2,5 метрлік бұл жануарлар Африка немесе Азия пілдеріне қарағанда жұмсақ болып келеді екен.

24 KZ

 

Ұқсас материалдар