Қандастар Ассамблея

Астананың «Жедел жәрдем» стансасы халықаралық сапа стандартына сай жұмыс істейді

30.01.2013 2581
Астана қаласындағы «Жедел жәрдем» мекемесі құрылғанына 14 ақпанда 81 жыл толады. Бүгінде орталық «Жедел жәрдем» стансасы мен оның бағынысындағы 9 қосалқы стансада 1300-ге жуық адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімінің ресми сайты. Астана қаласы Жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Қанат Төсекбаевтың айтуынша, диспетчерлік бөлім «Адис» бағдарламасымен жұмыс жасайды. Бұл бағдарлама келіп түскен шақыртуларды аурудың категориясына бөліп отырады. Жалпы, 6 ауру категориясы бар. Мысалы, адам аяқастынан есінен танып қалса, кеуде қуысының ауруы сезілсе, жүкті әйелдер толғатса, 1-жасқа дейінгі балаларда ауру белгілері байқалса, мұндай науқастар 1,2,3 категорияға жатады. Егер кенеттен артериялық қан қысымы көтеріліп, бір емханадан екіншісіне тасымалдау керек болса, мұндай науқастар келесі категорияға енеді. Жедел жәрдем орталығы тәулігіне 1500-ге жуық науқастың телефон қоңырауын қабылдайды. Бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, шақыртулардың 40%-ы кешкі сағат 5 пен түнгі 1-ге дейінгі уақыт аралығында түседі екен. 2012 жылы 350 000 адамға жедел көмек көрсетіліпті. «Бір тәулікте 60-65 бригада қызмет көрсетеді. Яғни, аусымына 400-ден аса адам жұмыс істейді. Сәйкесінше, ол бригадалардың профильдері бар: 30 бригада фельдшерлік бригада, 20 бригада дәрігерлік бригада және 10 бригада педиатрлық бригада», дейді Астана қаласы Жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Қ.Төсекбаев.  

Астана қаласындағы «Жедел жәрдем» мекемесі құрылғанына 14 ақпанда 81 жыл толады. Бүгінде орталық «Жедел жәрдем» стансасы мен оның бағынысындағы 9 қосалқы стансада 1300-ге жуық адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімінің ресми сайты.
Астана қаласы Жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Қанат Төсекбаевтың айтуынша, диспетчерлік бөлім «Адис» бағдарламасымен жұмыс жасайды. Бұл бағдарлама келіп түскен шақыртуларды аурудың категориясына бөліп отырады. Жалпы, 6 ауру категориясы бар. Мысалы, адам аяқастынан есінен танып қалса, кеуде қуысының ауруы сезілсе, жүкті әйелдер толғатса, 1-жасқа дейінгі балаларда ауру белгілері байқалса, мұндай науқастар 1,2,3 категорияға жатады. Егер кенеттен артериялық қан қысымы көтеріліп, бір емханадан екіншісіне тасымалдау керек болса, мұндай науқастар келесі категорияға енеді.

Жедел жәрдем орталығы тәулігіне 1500-ге жуық науқастың телефон қоңырауын қабылдайды. Бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, шақыртулардың 40%-ы кешкі сағат 5 пен түнгі 1-ге дейінгі уақыт аралығында түседі екен. 2012 жылы 350 000 адамға жедел көмек көрсетіліпті.

«Бір тәулікте 60-65 бригада қызмет көрсетеді. Яғни, аусымына 400-ден аса адам жұмыс істейді. Сәйкесінше, ол бригадалардың профильдері бар: 30 бригада фельдшерлік бригада, 20 бригада дәрігерлік бригада және 10 бригада педиатрлық бригада», дейді Астана қаласы Жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Қ.Төсекбаев.

 

Ұқсас материалдар