Қандастар Ассамблея

Полицейлерге арналған спорт кешені қайта жаңартылды

29.01.2013 1744
Қостанайда Ішкі істер депарментіне қарасты «Динамо» спорт кешені күрделі жөндеуден өтті. Жаңарған нысанның ашылу салтанаты құрметіне полицейлер арасында волейболдан республикалық жарыс өткізілді. Қырық жылдан бері жөнделмеген нысан, небәрі екі айдың ішінде адам танымастай өзгерді. Кейбір залдар кеңейтіліп, замануи үлгіде жабдықталды. Жаңа ғимаратта өткен жарыста оңтүстікқазақстандықтар топ жарды. Екінші орынды қостанайлықтар иеленді. Жаңарған ғимарат спортты дамытуға серпін бермек. Иван ДЫЧКО, олимпиада жүлдегері: - Мұнда спортшылар, полиция қызметкерлері жаттығады. Кешен көптен бері жөнделмеген еді. Жаңартылғаннан кейінгі қазіргі көрінісі көз қуантады. Залдарда жаттығуға барлық жағдай жасалған. Асқар ОМАРҚҰЛОВ, «Динамо» спорт қоғамы төрағасының орынбасары: - Президент өзінің Жолдауында барлық министрлік, ведмостволарға әкімшілікте спорттық ғимараттар салуға міндеттеді. Сондықтан біз бүгін «Динамо» дене шыңықтыру спорт қоғамы, Қостанай облысының әкімшілігі жиылып жарыс өткізіп отырмыз. 24 KZ  

Қостанайда Ішкі істер депарментіне қарасты «Динамо» спорт кешені күрделі жөндеуден өтті. Жаңарған нысанның ашылу салтанаты құрметіне полицейлер арасында волейболдан республикалық жарыс өткізілді. Қырық жылдан бері жөнделмеген нысан, небәрі екі айдың ішінде адам танымастай өзгерді. Кейбір залдар кеңейтіліп, замануи үлгіде жабдықталды. Жаңа ғимаратта өткен жарыста оңтүстікқазақстандықтар топ жарды. Екінші орынды қостанайлықтар иеленді. Жаңарған ғимарат спортты дамытуға серпін бермек.

Иван ДЫЧКО, олимпиада жүлдегері:

- Мұнда спортшылар, полиция қызметкерлері жаттығады. Кешен көптен бері жөнделмеген еді. Жаңартылғаннан кейінгі қазіргі көрінісі көз қуантады. Залдарда жаттығуға барлық жағдай жасалған.

Асқар ОМАРҚҰЛОВ, «Динамо» спорт қоғамы төрағасының орынбасары:

- Президент өзінің Жолдауында барлық министрлік, ведмостволарға әкімшілікте спорттық ғимараттар салуға міндеттеді. Сондықтан біз бүгін «Динамо» дене шыңықтыру спорт қоғамы, Қостанай облысының әкімшілігі жиылып жарыс өткізіп отырмыз.

24 KZ

 

Ұқсас материалдар