Алматыда қазақ ертегілері желісімен анимациялық жинақ жарыққа шықты

29.01.2013 5089
Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағат және құжат басқармасы қазақ халықтық ертегілері желісімен анимациялық жинақтың таныстырылымын өткізбек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 3D форматындағы 40 сериядан тұратын бұл жинақ мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілеріне қазақ тілінің оқу-әдістемелік құралы ретінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған болатын. Анимациялық қойылымдар балалардың жасына сәйкестендірілген және олардың қазақ тілін білуге құштарлығын арттырады, есте сақтау қабілетін жақсартады. Жинаққа «Алдар Көсенің көңілді оқиғаларының» 85 сериясы, «Бізді қоршаған әлем» циклі бойынша 50 слайд, әлем халықтары ертегілері желісімен бірнеше мультқойылым, 1000 сөзден тұратын орысша-қазақша сөздік енген. Сонымен қатар, «Сиқырлы қалам» интерактивті оқыту-әдістемелік кешен жарық көрді. Бұл инновациялық әдіс Қазақстанда алғаш рет қолданылғалы отыр. «Сиқырлы қалам» кешені бір уақытта оқуға әрі тыңдауға мүмкіндік береді. Алматы мемлекеттік балабақшаларында қазір осы әдіспен балаларға қазақ тілін оқыту жұмыстары жүріп жатыр. Гүлмира Ғосманәли  

Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағат және құжат басқармасы қазақ халықтық ертегілері желісімен анимациялық жинақтың таныстырылымын өткізбек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
3D форматындағы 40 сериядан тұратын бұл жинақ мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілеріне қазақ тілінің оқу-әдістемелік құралы ретінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған болатын.

Анимациялық қойылымдар балалардың жасына сәйкестендірілген және олардың қазақ тілін білуге құштарлығын арттырады, есте сақтау қабілетін жақсартады. Жинаққа «Алдар Көсенің көңілді оқиғаларының» 85 сериясы,

«Бізді қоршаған әлем» циклі бойынша 50 слайд, әлем халықтары ертегілері желісімен бірнеше мультқойылым, 1000 сөзден тұратын орысша-қазақша сөздік енген.

Сонымен қатар, «Сиқырлы қалам» интерактивті оқыту-әдістемелік кешен жарық көрді. Бұл инновациялық әдіс Қазақстанда алғаш рет қолданылғалы отыр. «Сиқырлы қалам» кешені бір уақытта оқуға әрі тыңдауға мүмкіндік береді. Алматы мемлекеттік балабақшаларында қазір осы әдіспен балаларға қазақ тілін оқыту жұмыстары жүріп жатыр.

Гүлмира Ғосманәли


 

Ұқсас материалдар