Қандастар Ассамблея

СҚО-да 2012 жылы спорт саласын қаржыландыруға 1 млрд 798 млн теңге бөлінді

27.01.2013 1937
Солтүстік Қазақстан облысында 2012 жылы спорт саласын қаржыландыруға 1 млрд 798 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аймақтың үздік деп танылған спорт мектептері марапатталды. Гимнастикадан балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, «Барыс», "Дельфин" олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бар. Ал аудандар ішінен Ақжар ауданының спорт мектебі үздік деп танылды. Қазіргі таңда облыс аумағында 26 спорт мектебі жұмыс жасайды. 2012 жылы спорт саласын қаржыландыруға 1 млрд 798,3 млн теңге бөлінді. Облыста 2 мың 263 спорттық құрылым бар: 32 стадион, 2 спорт кешені, 1 спорттық манеж, 72 тир, 6 теннис корты, 11 бассейн және тағы да басқа спорттық мекемелер бар. Бұл туралы жиында сөз сөйлеген дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасының бастығы Руслан Есеналин хабарлады. Ол өткен жылы облыс көлемінде айтарлықтай спорттық жетістіктер болғанын айта келе, жерлестері велошабандоз Александр Винокуровтың жеңісіне тоқталды. Сонымен қатар 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан велоспортшыАлексей Луценконың әлем чемпионы болып танылғанын атап көрсетті. «2012 жылы облыста бірнеше спорттық нысан пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Петропавл қаласында аквапарк, Қызылжар ауданының Новоникольский ауылында жабық хоккей корты ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл жылы да жалғасын табу керек», деді Р.Есеналин. Алқа мәжілісінде қысқы спорт түрін дамыту мәселесі де көтерілді. Спорт ардагері Владимир Щербинин Петропавлда қысқы уақытта шаңғы және хоккейден жарыстар өткізу қажеттігін айтты. Облыстық дене тәрбиесі, туризм және спорт басқармасының бастығы спорттық ведомство басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Солтүстік Қазақстан облысында 2012 жылы спорт саласын қаржыландыруға 1 млрд 798 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аймақтың үздік деп танылған спорт мектептері марапатталды. Гимнастикадан балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, «Барыс», "Дельфин" олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бар. Ал аудандар ішінен Ақжар ауданының спорт мектебі үздік деп танылды.

Қазіргі таңда облыс аумағында 26 спорт мектебі жұмыс жасайды.

2012 жылы спорт саласын қаржыландыруға 1 млрд 798,3 млн теңге бөлінді. Облыста 2 мың 263 спорттық құрылым бар: 32 стадион, 2 спорт кешені, 1 спорттық манеж, 72 тир, 6 теннис корты, 11 бассейн және тағы да басқа спорттық мекемелер бар. Бұл туралы жиында сөз сөйлеген дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасының бастығы Руслан Есеналин хабарлады.

Ол өткен жылы облыс көлемінде айтарлықтай спорттық жетістіктер болғанын айта келе, жерлестері велошабандоз Александр Винокуровтың жеңісіне тоқталды. Сонымен қатар 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан велоспортшыАлексей Луценконың әлем чемпионы болып танылғанын атап көрсетті.

«2012 жылы облыста бірнеше спорттық нысан пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Петропавл қаласында аквапарк, Қызылжар ауданының Новоникольский ауылында жабық хоккей корты ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл жылы да жалғасын табу керек», деді Р.Есеналин.

Алқа мәжілісінде қысқы спорт түрін дамыту мәселесі де көтерілді. Спорт ардагері Владимир Щербинин Петропавлда қысқы уақытта шаңғы және хоккейден жарыстар өткізу қажеттігін айтты.

Облыстық дене тәрбиесі, туризм және спорт басқармасының бастығы спорттық ведомство басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас материалдар