Қандастар Ассамблея

Астанада жаңа мұзайдынының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

27.01.2013 1772
Спорттық кешен бұқаралық қолданысқа арналып жасалған. Сонымен қатар олимпиада ойындарының бағдарламасында бар қысқы спорт түрлерінен ұлттық құраманың жаттығу өткізетін орны болады. Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрек жанынан мұзайдыны бой көтерді. Аумағы 600 шаршы метрді құрайда. Сондай-ақ жабық спорт кешенінде көрерменге арналған 350 орын мен 2 жаттығу залы бар. Кешен халықаралық талаптарға сай салынған мұзайдынында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу орны болмақ, деп хабарлайды 24.kz. Жаңа мұз сарайы елімізде жаңадан дамып келе жатқан спорттың шорт-трек түріне арнайы жасалған. Енді ұлттық құрама барлық оқу-дайындық жұмыстарын осында өткізбек. Сонымен қатар еліміздегі шорт-тректі дамытуға Оңтүстік Кореядан бапкер шақыртылған. Шетелдік маман «осы алаңда жүргізілген дайындықтар арқасында 2014 жылғы қысқы олимпиададан Қазақстан құрамасы 1 медаль әкеледі» – деп уәде берді. BNews.kz

Спорттық кешен бұқаралық қолданысқа арналып жасалған. Сонымен қатар олимпиада ойындарының бағдарламасында бар қысқы спорт түрлерінен ұлттық құраманың жаттығу өткізетін орны болады.

Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрек жанынан мұзайдыны бой көтерді. Аумағы 600 шаршы метрді құрайда. Сондай-ақ жабық спорт кешенінде көрерменге арналған 350 орын мен 2 жаттығу залы бар. Кешен халықаралық талаптарға сай салынған мұзайдынында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу орны болмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа мұз сарайы елімізде жаңадан дамып келе жатқан спорттың шорт-трек түріне арнайы жасалған. Енді ұлттық құрама барлық оқу-дайындық жұмыстарын осында өткізбек. Сонымен қатар еліміздегі шорт-тректі дамытуға Оңтүстік Кореядан бапкер шақыртылған. Шетелдік маман «осы алаңда жүргізілген дайындықтар арқасында 2014 жылғы қысқы олимпиададан Қазақстан құрамасы 1 медаль әкеледі» – деп уәде берді.

BNews.kz

Ұқсас материалдар