Қандастар Ассамблея

Астананың орта арнайы оқу орындарында 30 000-нан астам адам оқиды

25.01.2013 1840
Бүгінгі таңда Астанада техникалық және кәсіби білім беретін 33 тәуелсіз ұйым және 4 филиал жұмыс істейді. Осы оқу орындарында 31 219 адам оқиды. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен хабарлады.  Департаменттің деректеріне сәйкес, студенттердің 84,8%-ы күндізгі бөлімде, 0,7%-ы кешкі бөлімде және 14,5%-ы сырттай бөлімде оқиды. Білім 9 бағыт бойынша беріледі, олардың қатарында гуманитарлық, құрылыс, заң, экономикалық және медициналық мамандықтар бар. «2012-2013 оқу жылдарының басында қаладағы техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарда 1441 мұғалім тартылған және 138 шебер өндірістік дәріс берген, олардың 90,5%-ы оқу орындарының штатына алынған. 408 мұғалімнің және өндірістік білім беретін 13 шебердің санаты жоғары; мұғалімдердің 93,4%-ның және өндірістік білім беретін шеберлердің 9,4%-ның білімі жоғары», - делінген хабарламада.  astana.kz

Бүгінгі таңда Астанада техникалық және кәсіби білім беретін 33 тәуелсіз ұйым және 4 филиал жұмыс істейді. Осы оқу орындарында 31 219 адам оқиды. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен хабарлады. 

Департаменттің деректеріне сәйкес, студенттердің 84,8%-ы күндізгі бөлімде, 0,7%-ы кешкі бөлімде және 14,5%-ы сырттай бөлімде оқиды. Білім 9 бағыт бойынша беріледі, олардың қатарында гуманитарлық, құрылыс, заң, экономикалық және медициналық мамандықтар бар.
«2012-2013 оқу жылдарының басында қаладағы техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарда 1441 мұғалім тартылған және 138 шебер өндірістік дәріс берген, олардың 90,5%-ы оқу орындарының штатына алынған. 408 мұғалімнің және өндірістік білім беретін 13 шебердің санаты жоғары; мұғалімдердің 93,4%-ның және өндірістік білім беретін шеберлердің 9,4%-ның білімі жоғары», - делінген хабарламада. 

astana.kz

Ұқсас материалдар