Қандастар Ассамблея

Өмірбаяны

25.01.2013 3113
Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы 1961 жылы Жамбыл облысы, қазіргі Т.Рысқұлов ауданы Қазақ ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Алматы мемлекеттік көркемсурет-театр институтының кино және драма актері мамандығын алып шыққан. 1985 жылдан облыстық қазақ драма театрында актер болып еңбек етіп келеді. Ол ширек ғасыр театрда үзіліссіз қызмет етіп, әртүрлі жанрдағы спектакльдерде жетекші рөлдерде ойнады. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдағы кездескен нарықтық кезеңнің қиын күндерінде театр өнерін тастап кетпеуде, сахна сырын сақтап қалуда қаһармандық үлгісін көрсетіп, өзге әріптестерін ұлттық театр өнерін дамытуға шақырып, қайрат-жігер беріп, бастамашы болды. Сол жылдардан бастап бүгінгі таңға дейін жүзге жуық қойлымдарды сахналап келеді. М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» Бірсінбай, «Айман-Шолпанда» Балпық, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Жантық, Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібінде» Өтеміс, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатында» Рашид, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Анасында» Сыбанқұл, И.Сапарбайдың «Ауылдан келген аруында» Қаражан, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» Абыз, «Нюрнберктен бұрында» Ақәділ, Ж.Б. Мольердің «Бәледен құтылдың, медицинасында» Лука, Е.Әлімжанның «Тақталасында» Қауғабай, З.Сооронбаеваның «Індетінде» Қашқын, Б.Әбілдаевтың «Сыпатай батырында» Шоқан Уәлиханов, Ә.Әмзеевтің «Кейуанасында» Шембай, Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашында» Ерғали, С.Сматаев – Т.Теменовтің «Көгілдір таксиінде» Қайыржан, М.Шахановтың «Танакөзінде» Қоғамбай, М.Шаханов – Ш.Айтматовтың «Сократ түнінде» Сократ, Қайырхан рөлдерін шынайы сомдап, сахна шебері екендігін айқын танытты. 1994 жылы С.Сейфулиннің 100 жылдығына орай Жезқазғанда өткен республиқалық театр фестивалінде Т.Дүйсебаевтың «Желтоқсан жанғырығы» спектаклінде Қайрат образын республика бойынша тұңғыш рет сахнаға алып шығып, жүлдегер  атанды. 1997 жылы Алматыда М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған V республиқалық театр фестивалінде театр ұжымның бас жүлде – Гран при алуына Жүніс Әлімбеков өзі ойнаған «Қара қыпшақ Қобыланды» спектакліндегі Бірсінбай ролімен үлгілі үлес қосты. Ал, 1998 жылы VІ республиқалық театр фестивалінде «Үміт» жүлдесін иеленген М.Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясында  Ж.Әлімбеков  басты рөл Күрішбекті сомдап, жоғары баға алды. 1999 жылы Бішкек қаласында өткен халықаралық театр фестивалінде Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» қойылымында Сократ ролі мен Қайырхан бейнесін қатар сомдаған Ж. Әлімбеков спектакльдің жүлдегер атануына айырықша үлес қосты. 2002 жылы Шымкентте өткен халықаралық театр фестивалінде Д.Исабековтің «Пері мен періште» мелодрамасындағы басты бейне Құлахмет ролін әр қырынан көрсетіп, театр ұжымының «Сәтті актерлік ансамбль» номинациясының жеңімпазы атануына ықпал етті. 2003 жылы Алматы қаласында өткен І республиқалық балалар мен жасөспірімдерге арналған театр фестивалінде Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік» ертегі-фантазиясында Көкбөрі образын орындап, қойылымның бірінші орын алуына игі ықпалын тигізді және осы жылы Бішкекте өткізілген Орта Азия республикалары мен Ресей театрлары қатысқан І халықаралық «АРТ - Ордо» фестивалінде Е.Әлімжанның «Жанұран» мюзикліндегі басты тұлға Мэлс рөлін ерекше сомдап, спектакльдің «Заман талабына үндес қойылым» номинациясының жеңімпазы атануына қол жеткізді. 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен XIII республикалық театр фестивалінде Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!» трагикомедиясында басты кейіпкер архонт Клеонды сомдап, спектакльдің Н.Бекежанов атындағы арнайы жүлдені иеленуіне жарқын жол ашты. Осы жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі мен мәдениет пен өнерді қолдау қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды. 2006 жылы облыстық қазақ драма театрының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік театр конференциясында дүниежүзілік классикалық туынды У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясында Ричард патшаның әлсіз әртісті тұңғиыққа лақтырып тастайтын аса күрделі образын шынайы сомдап, республика жұртшылығы алдында асқақ абыройға бөленді. 2009 жылы Қарағандыда өткізілген XIII республиқалық театр фестивалінде жаңаша эксперименттік қойылым «Қыз Жібек»  драма-дастанында Жырау бейнесін сомдап, спектакльдің «Эпостық тақырыпты сәтті игергені үшін» номинациясының жеңімпазы атануына ұйытқы болды. Сахна шебері өзінің өзгеге ұқсамайтын кейіпкер бейнелеудегі жетістіктері үшін Египет Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткізілген дүниежүзілік эксперименттік театр фестивалінде әлемнің 38 елінен жиналған театр ұжымдары алдында өнер көрсету мүмкіндігіне қол жеткізді. 2011 жылы Қырғызстанның халық суретшісі Маратбек Шарафудиновтың 60 жылдық мерей тойына байланысты өткізілген  халықаралық театр фестивалінде және қойылым суретшісі жаңа эксперименттік қойылым «Қыз Жібек» драма – дастанында Жырау бейнесін сомдағаны үшін «Қырғызстан Республикасының мәдениеті мен өнерін өркендетуге қосқан салымы үшін» Ардақ /Құрмет/ грамотасымен марапатталды. Ж.Әлімбековтың кино саласында да қосқан үлесі бар. 2009 жылы режиссер Д.Еркебаевтың «Азапқа тола қыз ғұмыры», 2011 жылы режиссер Т.Шайхиевтың «Жүрегім саған аманат» фильмдерінде басты кейіпкерлерді сомдады. Ж.Әлімбеков сахнада өзін еркін ұстай білетін, пьесадағы кейіпкердің болмысын терең ашуда алдына жан салмайтын табиғи қабілеті бар әртіс. Ол өзге әріптестерінен сахналық ой-қиялының жүйріктігімен, талғампаз да сезімталдығымен ерекшеленеді. Көрермендерді өз ойынымен шынайы әрекеттері арқылы баурап алатын дарындылығы кім-кімді де тәнті етеді. Ж.Әлімбеков қоғамдық жұмыстарға тұрақты араласатын, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дамытуға белсене қол ұшын беріп жүрген елжанды азамат. Ұзақ жыл облыстық, республикалық, халықаралық ән-жыр фестивальдарының жүргізушісі, көркемсөз оқу шебері, композитор Әбиірбек Тінәлиевпен бірге «Желтоқсан желі» әнін республикаға таратушы дуэт әншісі ретінде де танымал. Бірнеше жыл облыстық қазақ драма театрының кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде де талай-талай игілікті істердің ұйытқысы атанды. Бүгінде ҚР Театр қайраткерлері одағы Тараз филиалының директоры қызметінде маңызды мәселелер шешуге келелі ой-қосып келеді. Театр Көркемдік кеңесінің мүшесі болғандықтан репертуардағы спектакльдердің көркемдік дәрежесі туралы өз талабын батыл қоя алатын талантты сахнагер. Ж.Әлімбеков ұжымдағы рухани тәрбие істеріне араласа отырып, екі бала тәрбиелеп өсіріп олардан немере сүйіп отырған өнегелі отбасы иесі. Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі. «Нұр Отан» ХДП партиясының мүшесі.

Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы

Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы 1961 жылы Жамбыл облысы, қазіргі Т.Рысқұлов ауданы Қазақ ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Алматы мемлекеттік көркемсурет-театр институтының кино және драма актері мамандығын алып шыққан.
1985 жылдан облыстық қазақ драма театрында актер болып еңбек етіп келеді. Ол ширек ғасыр театрда үзіліссіз қызмет етіп, әртүрлі жанрдағы спектакльдерде жетекші рөлдерде ойнады. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдағы кездескен нарықтық кезеңнің қиын күндерінде театр өнерін тастап кетпеуде, сахна сырын сақтап қалуда қаһармандық үлгісін көрсетіп, өзге әріптестерін ұлттық театр өнерін дамытуға шақырып, қайрат-жігер беріп, бастамашы болды. Сол жылдардан бастап бүгінгі таңға дейін жүзге жуық қойлымдарды сахналап келеді. М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» Бірсінбай, «Айман-Шолпанда» Балпық, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Жантық, Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібінде» Өтеміс, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатында» Рашид, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Анасында» Сыбанқұл, И.Сапарбайдың «Ауылдан келген аруында» Қаражан, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» Абыз, «Нюрнберктен бұрында» Ақәділ, Ж.Б. Мольердің «Бәледен құтылдың, медицинасында» Лука, Е.Әлімжанның «Тақталасында» Қауғабай, З.Сооронбаеваның «Індетінде» Қашқын, Б.Әбілдаевтың «Сыпатай батырында» Шоқан Уәлиханов, Ә.Әмзеевтің «Кейуанасында» Шембай, Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашында» Ерғали, С.Сматаев – Т.Теменовтің «Көгілдір таксиінде» Қайыржан, М.Шахановтың «Танакөзінде» Қоғамбай, М.Шаханов – Ш.Айтматовтың «Сократ түнінде» Сократ, Қайырхан рөлдерін шынайы сомдап, сахна шебері екендігін айқын танытты.
1994 жылы С.Сейфулиннің 100 жылдығына орай Жезқазғанда өткен республиқалық театр фестивалінде Т.Дүйсебаевтың «Желтоқсан жанғырығы» спектаклінде Қайрат образын республика бойынша тұңғыш рет сахнаға алып шығып, жүлдегер  атанды.
1997 жылы Алматыда М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған V республиқалық театр фестивалінде театр ұжымның бас жүлде – Гран при алуына Жүніс Әлімбеков өзі ойнаған «Қара қыпшақ Қобыланды» спектакліндегі Бірсінбай ролімен үлгілі үлес қосты.
Ал, 1998 жылы VІ республиқалық театр фестивалінде «Үміт» жүлдесін иеленген М.Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясында  Ж.Әлімбеков  басты рөл Күрішбекті сомдап, жоғары баға алды.
1999 жылы Бішкек қаласында өткен халықаралық театр фестивалінде Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» қойылымында Сократ ролі мен Қайырхан бейнесін қатар сомдаған Ж. Әлімбеков спектакльдің жүлдегер атануына айырықша үлес қосты.
2002 жылы Шымкентте өткен халықаралық театр фестивалінде Д.Исабековтің «Пері мен періште» мелодрамасындағы басты бейне Құлахмет ролін әр қырынан көрсетіп, театр ұжымының «Сәтті актерлік ансамбль» номинациясының жеңімпазы атануына ықпал етті.
2003 жылы Алматы қаласында өткен І республиқалық балалар мен жасөспірімдерге арналған театр фестивалінде Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік» ертегі-фантазиясында Көкбөрі образын орындап, қойылымның бірінші орын алуына игі ықпалын тигізді және осы жылы Бішкекте өткізілген Орта Азия республикалары мен Ресей театрлары қатысқан І халықаралық «АРТ - Ордо» фестивалінде Е.Әлімжанның «Жанұран» мюзикліндегі басты тұлға Мэлс рөлін ерекше сомдап, спектакльдің «Заман талабына үндес қойылым» номинациясының жеңімпазы атануына қол жеткізді.
2005 жылы Қызылорда қаласында өткен XIII республикалық театр фестивалінде Г.Гориннің «Атың өшсін, Герострат!» трагикомедиясында басты кейіпкер архонт Клеонды сомдап, спектакльдің Н.Бекежанов атындағы арнайы жүлдені иеленуіне жарқын жол ашты.
Осы жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі мен мәдениет пен өнерді қолдау қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды.
2006 жылы облыстық қазақ драма театрының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік театр конференциясында дүниежүзілік классикалық туынды У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясында Ричард патшаның әлсіз әртісті тұңғиыққа лақтырып тастайтын аса күрделі образын шынайы сомдап, республика жұртшылығы алдында асқақ абыройға бөленді.
2009 жылы Қарағандыда өткізілген XIII республиқалық театр фестивалінде жаңаша эксперименттік қойылым «Қыз Жібек»  драма-дастанында Жырау бейнесін сомдап, спектакльдің «Эпостық тақырыпты сәтті игергені үшін» номинациясының жеңімпазы атануына ұйытқы болды. Сахна шебері өзінің өзгеге ұқсамайтын кейіпкер бейнелеудегі жетістіктері үшін Египет Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткізілген дүниежүзілік эксперименттік театр фестивалінде әлемнің 38 елінен жиналған театр ұжымдары алдында өнер көрсету мүмкіндігіне қол жеткізді.
2011 жылы Қырғызстанның халық суретшісі Маратбек Шарафудиновтың 60 жылдық мерей тойына байланысты өткізілген  халықаралық театр фестивалінде және қойылым суретшісі жаңа эксперименттік қойылым «Қыз Жібек» драма – дастанында Жырау бейнесін сомдағаны үшін «Қырғызстан Республикасының мәдениеті мен өнерін өркендетуге қосқан салымы үшін» Ардақ /Құрмет/ грамотасымен марапатталды.
Ж.Әлімбековтың кино саласында да қосқан үлесі бар. 2009 жылы режиссер Д.Еркебаевтың «Азапқа тола қыз ғұмыры», 2011 жылы режиссер Т.Шайхиевтың «Жүрегім саған аманат» фильмдерінде басты кейіпкерлерді сомдады.
Ж.Әлімбеков сахнада өзін еркін ұстай білетін, пьесадағы кейіпкердің болмысын терең ашуда алдына жан салмайтын табиғи қабілеті бар әртіс. Ол өзге әріптестерінен сахналық ой-қиялының жүйріктігімен, талғампаз да сезімталдығымен ерекшеленеді. Көрермендерді өз ойынымен шынайы әрекеттері арқылы баурап алатын дарындылығы кім-кімді де тәнті етеді.
Ж.Әлімбеков қоғамдық жұмыстарға тұрақты араласатын, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дамытуға белсене қол ұшын беріп жүрген елжанды азамат. Ұзақ жыл облыстық, республикалық, халықаралық ән-жыр фестивальдарының жүргізушісі, көркемсөз оқу шебері, композитор Әбиірбек Тінәлиевпен бірге «Желтоқсан желі» әнін республикаға таратушы дуэт әншісі ретінде де танымал. Бірнеше жыл облыстық қазақ драма театрының кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде де талай-талай игілікті істердің ұйытқысы атанды. Бүгінде ҚР Театр қайраткерлері одағы Тараз филиалының директоры қызметінде маңызды мәселелер шешуге келелі ой-қосып келеді. Театр Көркемдік кеңесінің мүшесі болғандықтан репертуардағы спектакльдердің көркемдік дәрежесі туралы өз талабын батыл қоя алатын талантты сахнагер. Ж.Әлімбеков ұжымдағы рухани тәрбие істеріне араласа отырып, екі бала тәрбиелеп өсіріп олардан немере сүйіп отырған өнегелі отбасы иесі.
Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі.
«Нұр Отан» ХДП партиясының мүшесі.