Қандастар Ассамблея

Астана аялдамаларында жаңа карта-сызбалар орнатылады

25.01.2013 2250
Таяу уақытта Астана қаласының аялдамаларында тұрғындар мен қонақтарға қала ішінде бағыт-бағдар беретін карта-сызбалар орнатылады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.   «1 ақпаннан бастап жаңа карталар Астананың екі үлкен орталық көшелері Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылынан бастап Республика даңғылына дейін және Республика даңғылында Абай көшесінен бастап «Самал» шағын ауданына дейінгі аялдамаларда орнатылады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - делінген хабарламада. Басқармадан хабарланғанындай, жаңа карталардағы әрбір автобус бағдары түрлі түспен белгіленеді. Бұл ретте тек белгілі бағытта жүретін автобус бағдарлары көрсетіледі. Бұл барар жерді жылдам анықтап алуға көмектеседі.Бұған қоса, карталардағы барлық жазулар мемлекеттік тілде ғана жазылады, - деді Басқармадан. BAQ.kz

Таяу уақытта Астана қаласының аялдамаларында тұрғындар мен қонақтарға қала ішінде бағыт-бағдар беретін карта-сызбалар орнатылады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.  

«1 ақпаннан бастап жаңа карталар Астананың екі үлкен орталық көшелері Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылынан бастап Республика даңғылына дейін және Республика даңғылында Абай көшесінен бастап «Самал» шағын ауданына дейінгі аялдамаларда орнатылады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - делінген хабарламада.

Басқармадан хабарланғанындай, жаңа карталардағы әрбір автобус бағдары түрлі түспен белгіленеді.
Бұл ретте тек белгілі бағытта жүретін автобус бағдарлары көрсетіледі. Бұл барар жерді жылдам анықтап алуға көмектеседі.Бұған қоса, карталардағы барлық жазулар мемлекеттік тілде ғана жазылады, - деді Басқармадан.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар