Қандастар Ассамблея

Қазақ тілінің 2025 жылға қарай үстемдік етуі – қазақстандықтардың басты арманы

25.01.2013 1885
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында (14.12.2012) болашақта қазақ тілі кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын қадап айтып, тілдің қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Бұл туралы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, мемлекеттік тіл кафедрасының доценті Салтанат Меркібайқызы әңгімелейді.  Қазақ тілі – ана тіліміздің барлық салада еркін қолданылуы ең алдымен, билік басындағыларға, екіншіден оны оқытатын оқытушыларға, үшіншіден соны қолданысқа енгізетін тұрғындарға тікелей байланысты екенін айтқым келеді. Біріншіден, кез келген мекеме, ұйым, кәсіпорын басшысы мемлекеттік тілге жаны ашитын болса, қоластындағылардан сол тілде қарым қатынас жасауды талап етіп отыруы керек деген көзқарасты жақтаймын. Себебі, қазақ тілі Ата Заңымызда «мемлекеттік тіл» деп жазылған. Оның заңнамалық күші басқа тілдерге қарағанда басым. Мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерін марапаттап, ынталандырып отыруы керек. Керісінше, қазақша сөйлемейтін, сөйлегісі келмейтін қызметкерлерге айыппұл салып, жалақысын кесіп тастап отыру керек. Қазақстандағы басшылықтың бәрі Премьер министр Серік Нығметұлы Ахметовтен үлгі алып, жиын кеңестердің бәрін қазақ тілінде өткізуі керек. Шетелмен қарым қатынас та қазақ тілінде жасалуы керек. Қазір синхронды аударма көмегімен кез келген тілге аударуға мүмкіншілік те, әлеует (потенциал) те жетеді. Екіншіден, қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқытатын оқытушы – сол ұлттың бет бейнесі іспеттес. Қазақ тілі маманы арқылы қазақтың ұлттық танымы қалыптасады. Сондықтан, бұл салаға өте жоғары жауапкершілікпен қарау керек. Кей жерлерде қазақ тілі мамандарына басымдық та берілуі керек. Себебі, әр сала маманы өз саласына қатысты іс әрекетті білсе, қазақ тілінің маманы тіл білімінің саласын егжей тегжейлі білумен қоса, барлық кәсіби саланың терминдік жүйесін жетік білуге де мәжбүр болады. Кез келген ортада, сен терминологсың ба, жоқ лексикологсың ба, морфологсың ба деп сұрамайды, «мына сөздің қазақшасы қалай?» деп сұрайды. Білмей қалсаң, сен үшін бүкіл маманды қаралай салады. Одан басқа тіл үйретудің әлемдік тәжірибесінен хабардар болу, алдыңда отырған тілдік тұлғаның қызығушылығын оятып, қазіргі қоғамдағы қазақ тіліне деген көзқарасты өзгерту, яғни, заманауи талаптарға жауап беру – тіл үйретушінің құзіретіне кіреді. Осындай талаптарға жауап беру үшін тіл маманы «өмір бойы білімін жетілдіріп», үздіксіз өсіп отыруы керек. Мұндай талапқа екінің бірі көне қоймайды, сол себепті жастардың, әсіресе ұлдардың қазақ тілі маманы болғысы келмейді. Үшіншіден, тіліміздің тұғырына мықтап орнығуы – 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын еліміздің халқына байланысты. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Демек, бұл этностар біздің татулық пен бірлік орнаған шаңырағымыздың ортақ тілі – қазақ тілін дамытуда да көшбастап, этолон болуы керек деп ойлаймын. Мысалы, Асылы Осман сияқты тіл жанашырларына мың да алғыс айтуымыз керек. Ал өзіміздің ұлтымызға келсек, «мешкей деген жақсы атақ емес», Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзін қайталатқыза бермей, әр қазақ ең алдымен өз ұрпағын тәрбиелеуден бастау керек. Көпшілік ортада қазақ тілін қатысымға енгізуге әрбір азамат жауапты. Баяғыдай айтатын «қырық сылтаудың» ауылы алыстап бара жатқаны бәрімізге аян. Нақты әрекетке көшетін кез келді. Қорыта келгенде, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдікке ие болуы үшін, мемлекеттік тілде сөйлейтін адамның беделді бейнесін қалыптастыру, мемлекеттік тілді, саяси және PR технологиялар арқы¬лы қоғамдық санада қазақ тілін білушілер¬дің артықшылықтарын мықтап орнықтыру міндеттерін іске асыру қажет. Бұл – әрбір қазақстандықтардың басты арманы. BAQ.kz

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында (14.12.2012) болашақта қазақ тілі кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын қадап айтып, тілдің қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Бұл туралы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, мемлекеттік тіл кафедрасының доценті Салтанат Меркібайқызы әңгімелейді. 

Қазақ тілі – ана тіліміздің барлық салада еркін қолданылуы ең алдымен, билік басындағыларға, екіншіден оны оқытатын оқытушыларға, үшіншіден соны қолданысқа енгізетін тұрғындарға тікелей байланысты екенін айтқым келеді.
Біріншіден, кез келген мекеме, ұйым, кәсіпорын басшысы мемлекеттік тілге жаны ашитын болса, қоластындағылардан сол тілде қарым қатынас жасауды талап етіп отыруы керек деген көзқарасты жақтаймын. Себебі, қазақ тілі Ата Заңымызда «мемлекеттік тіл» деп жазылған. Оның заңнамалық күші басқа тілдерге қарағанда басым. Мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерін марапаттап, ынталандырып отыруы керек. Керісінше, қазақша сөйлемейтін, сөйлегісі келмейтін қызметкерлерге айыппұл салып, жалақысын кесіп тастап отыру керек. Қазақстандағы басшылықтың бәрі Премьер министр Серік Нығметұлы Ахметовтен үлгі алып, жиын кеңестердің бәрін қазақ тілінде өткізуі керек. Шетелмен қарым қатынас та қазақ тілінде жасалуы керек. Қазір синхронды аударма көмегімен кез келген тілге аударуға мүмкіншілік те, әлеует (потенциал) те жетеді.
Екіншіден, қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқытатын оқытушы – сол ұлттың бет бейнесі іспеттес. Қазақ тілі маманы арқылы қазақтың ұлттық танымы қалыптасады. Сондықтан, бұл салаға өте жоғары жауапкершілікпен қарау керек. Кей жерлерде қазақ тілі мамандарына басымдық та берілуі керек. Себебі, әр сала маманы өз саласына қатысты іс әрекетті білсе, қазақ тілінің маманы тіл білімінің саласын егжей тегжейлі білумен қоса, барлық кәсіби саланың терминдік жүйесін жетік білуге де мәжбүр болады. Кез келген ортада, сен терминологсың ба, жоқ лексикологсың ба, морфологсың ба деп сұрамайды, «мына сөздің қазақшасы қалай?» деп сұрайды. Білмей қалсаң, сен үшін бүкіл маманды қаралай салады. Одан басқа тіл үйретудің әлемдік тәжірибесінен хабардар болу, алдыңда отырған тілдік тұлғаның қызығушылығын оятып, қазіргі қоғамдағы қазақ тіліне деген көзқарасты өзгерту, яғни, заманауи талаптарға жауап беру – тіл үйретушінің құзіретіне кіреді. Осындай талаптарға жауап беру үшін тіл маманы «өмір бойы білімін жетілдіріп», үздіксіз өсіп отыруы керек. Мұндай талапқа екінің бірі көне қоймайды, сол себепті жастардың, әсіресе ұлдардың қазақ тілі маманы болғысы келмейді.
Үшіншіден, тіліміздің тұғырына мықтап орнығуы – 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын еліміздің халқына байланысты. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Демек, бұл этностар біздің татулық пен бірлік орнаған шаңырағымыздың ортақ тілі – қазақ тілін дамытуда да көшбастап, этолон болуы керек деп ойлаймын. Мысалы, Асылы Осман сияқты тіл жанашырларына мың да алғыс айтуымыз керек.
Ал өзіміздің ұлтымызға келсек, «мешкей деген жақсы атақ емес», Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзін қайталатқыза бермей, әр қазақ ең алдымен өз ұрпағын тәрбиелеуден бастау керек. Көпшілік ортада қазақ тілін қатысымға енгізуге әрбір азамат жауапты. Баяғыдай айтатын «қырық сылтаудың» ауылы алыстап бара жатқаны бәрімізге аян. Нақты әрекетке көшетін кез келді.
Қорыта келгенде, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдікке ие болуы үшін, мемлекеттік тілде сөйлейтін адамның беделді бейнесін қалыптастыру, мемлекеттік тілді, саяси және PR технологиялар арқы¬лы қоғамдық санада қазақ тілін білушілер¬дің артықшылықтарын мықтап орнықтыру міндеттерін іске асыру қажет. Бұл – әрбір қазақстандықтардың басты арманы.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар