Қандастар Ассамблея

Қазақ студенттерінің 30 пайыздан астамы өзге тілде оқиды

24.01.2013 2123
Қазақстандық ЖОО студенттерінің 56,3%-ы қазақ тілінде білім алады. Мұндай деректі ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратты. «ЖОО-да мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны – 322 042 немесе 56,3%. Ал орыс тілінде дәріс алатындардың үлесі – 41,7% , ағылшын тілінде дәріс алатындардың үлесі – 1,9%», - делінген хабарламада. Cтатистика бойынша, 2012/2013 оқу жылының басына республиканың жоғарғы оқу орындарында оқитын 85-тен астам ұлт өкілдері анықталған. Оның ішінде қазақтардың үлес салмағы 80,8%, орыстар - 12,5%, өзбектер, украиндар, татарлардың 0,7-1,5 % шегінде, өзге ұлттар - 3,5% құрады. Сонда 30 пайыздан астам қазақ студенттері ана тілінде оқымайды екен. Яғни, әлі де бірқатар қазақтуғандар ана тіліне бауырын жылыта алмай отыр. BAQ.kz

Қазақстандық ЖОО студенттерінің 56,3%-ы қазақ тілінде білім алады. Мұндай деректі ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратты.

«ЖОО-да мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны – 322 042 немесе 56,3%. Ал орыс тілінде дәріс алатындардың үлесі – 41,7% , ағылшын тілінде дәріс алатындардың үлесі – 1,9%», - делінген хабарламада.
Cтатистика бойынша, 2012/2013 оқу жылының басына республиканың жоғарғы оқу орындарында оқитын 85-тен астам ұлт өкілдері анықталған. Оның ішінде қазақтардың үлес салмағы 80,8%, орыстар - 12,5%, өзбектер, украиндар, татарлардың 0,7-1,5 % шегінде, өзге ұлттар - 3,5% құрады. Сонда 30 пайыздан астам қазақ студенттері ана тілінде оқымайды екен. Яғни, әлі де бірқатар қазақтуғандар ана тіліне бауырын жылыта алмай отыр.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар