Қандастар Ассамблея

Шымбұлақта жаңа спорттық парк ашылды

24.01.2013 2966
Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жаңа кәсіби арқан паркі ашылды. Жаңа нысан теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан. Онда күрделілігі тұрғысынан 3 бөлімді, арқаннан керілген және ағаш кедергілерден тұратын спорттық құрылғылар бар. Бірінші деңгей бойынша жер бетінен 1 метр биіктікте арқанмен балалар өрмелей алады. Жер бетінен 3 метр биіктікте орналасқан келесі деңгей ересектерге арналған. Ал, 6 метр биіктікте орналасқан құрылғыда альпинизм спортымен айналысатын спортшылар өрмелейді. Жоба жетекшісі Мақсұт Жұмабаев спорттық құрылғыларды Швейцария елінен арнайы алдырған. Авторлар: Аслан Қаженов, Бахтияр Ырзаев, Құралай Тәшкенбаева, 24 KZ

Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жаңа кәсіби арқан паркі ашылды. Жаңа нысан теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан.

Онда күрделілігі тұрғысынан 3 бөлімді, арқаннан керілген және ағаш кедергілерден тұратын спорттық құрылғылар бар. Бірінші деңгей бойынша жер бетінен 1 метр биіктікте арқанмен балалар өрмелей алады. Жер бетінен 3 метр биіктікте орналасқан келесі деңгей ересектерге арналған. Ал, 6 метр биіктікте орналасқан құрылғыда альпинизм спортымен айналысатын спортшылар өрмелейді. Жоба жетекшісі Мақсұт Жұмабаев спорттық құрылғыларды Швейцария елінен арнайы алдырған.

Авторлар: Аслан Қаженов, Бахтияр Ырзаев, Құралай Тәшкенбаева, 24 KZ

Ұқсас материалдар