Қандастар Ассамблея

Астаналық спортшылар Корея Республикасындағы олимпиадалық базада болды

24.01.2013 2122
   XXIII қысқы Олимпиадалық ойындарының астанасы  Пхенчхан (Корея Республикасы) қаласында  осы дүбірлі іс-шараны  ұйымдастырушылар  2004 жылдан бері  әлемнің түкпір-түкпірінен жас спортшыларды қабылдауды дәстүрге айналдырған. 20-дан астам  мемлекеттен келген  спортшылармен бірге  Dream program-2013-ке  қатысу үшін Астананың да   спортшылары шақырылды. Биылғы жылы  Пхенчханның олимпиадалық базасына шорт-трекпен айналысушы жасөспірімдер  аттандырылды, -деп хабарлайды Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 12 жасар  Данияр Серікбай, 13 жасар Байжан Бексұлтан  және Әділ Күмісбеков осы спорт түрімен айналысқандарына тек бір жыл ғана болса да, республикалық деңгейде өткен алғашқы жарыстар да жүлделі орындарды иеленді.  Жас таланттар Астана қаласындағы  №2  БЖСМ-нің  ең үздік  бапкері  ретінде танылған  Әсел Қамешова да  жаттығады. Біріккен оқу-жаттығу жиынына  қатысқан жасөспірім спортшылар алдағы Олимпиадалық ойындарға қатысуы мүмкін.  Спортшылар  Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем рекордсмені оңтүстіккореялық  Сунг Си-Бак өткізетін мастер-класстарға  қатысып, тәжірибе жинақтады.  «Бұл балалар үшін ғана емес, барлық қатысушы бапкерлер үшін де үлкен тәжірибе болды», - деп пікірін білдіреді Әсел Қамешова. – Іс-шараның ұйымдастырылуы  өте жоғары деңгейде  өтті. Спортшыларға да айырықша көңіл бөлінді». Бағдарлама соңында қатысушы мемлекеттер арасында  үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік берген  кездесу ойыны өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша,  Данияр Серікбай  4-ші орын алып, Бексұлтан  Байжан үздік шорт-трекшілердің бестігіне енді. Бұл жерде қазақстандық спортшылардың өз қарсыластарынан  кем дегенде бір жас кішілігін де ескерген жөн.    Спортшылар Астанаға оралып,  жаттығу жұмыстарына  бар ынтасымен кірісіп кетті. Алда ҚР мектеп оқушыларының Спартакиадасы тұр. Олардың әрқайсысы Пхенчханға  ресми ойындарға  қайтып оралуға бекем бел буғандай.    Астана қаласының ресми сайты astana.kz

  

XXIII қысқы Олимпиадалық ойындарының астанасы  Пхенчхан (Корея Республикасы) қаласында  осы дүбірлі іс-шараны  ұйымдастырушылар  2004 жылдан бері  әлемнің түкпір-түкпірінен жас спортшыларды қабылдауды дәстүрге айналдырған. 20-дан астам  мемлекеттен келген  спортшылармен бірге  Dream program-2013-ке  қатысу үшін Астананың да   спортшылары шақырылды. Биылғы жылы  Пхенчханның олимпиадалық базасына шорт-трекпен айналысушы жасөспірімдер  аттандырылды, -деп хабарлайды Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

12 жасар  Данияр Серікбай, 13 жасар Байжан Бексұлтан  және Әділ Күмісбеков осы спорт түрімен айналысқандарына тек бір жыл ғана болса да, республикалық деңгейде өткен алғашқы жарыстар да жүлделі орындарды иеленді.  Жас таланттар Астана қаласындағы  №2  БЖСМ-нің  ең үздік  бапкері  ретінде танылған  Әсел Қамешова да  жаттығады.

Біріккен оқу-жаттығу жиынына  қатысқан жасөспірім спортшылар алдағы Олимпиадалық ойындарға қатысуы мүмкін. 

Спортшылар  Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем рекордсмені оңтүстіккореялық  Сунг Си-Бак өткізетін мастер-класстарға  қатысып, тәжірибе жинақтады. 

«Бұл балалар үшін ғана емес, барлық қатысушы бапкерлер үшін де үлкен тәжірибе болды», - деп пікірін білдіреді Әсел Қамешова. – Іс-шараның ұйымдастырылуы  өте жоғары деңгейде  өтті. Спортшыларға да айырықша көңіл бөлінді».

Бағдарлама соңында қатысушы мемлекеттер арасында  үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік берген  кездесу ойыны өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша,  Данияр Серікбай  4-ші орын алып, Бексұлтан  Байжан үздік шорт-трекшілердің бестігіне енді. Бұл жерде қазақстандық спортшылардың өз қарсыластарынан  кем дегенде бір жас кішілігін де ескерген жөн.   

Спортшылар Астанаға оралып,  жаттығу жұмыстарына  бар ынтасымен кірісіп кетті. Алда ҚР мектеп оқушыларының Спартакиадасы тұр. Олардың әрқайсысы Пхенчханға  ресми ойындарға  қайтып оралуға бекем бел буғандай. 

  Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар