Қандастар Ассамблея

Театрдың 2012 жылғы жетістіктері

23.01.2013 2918
2012 жыл сәуір айының 15-20 аралығында Қызылорда қаласына гастрольдік іс-сапармен репертуардағы жылдың ең үздік деген 4 қойылымын көрсетіп қайтты. ҚР халық әртісі М.Рақымжанованың 60 жылдық мерейтойына орай Қырғыз  режиссері Камат Қасенов С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясын қойды. Басты рөлде М.Рахымжанова – Фармон бибі рөлінде ойнады. 7 сәуірде ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанованың 60 жасқа және шығармашылығына 40 жыл толуына орай Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мерейтойы аталып өтті. Кеш барысында Режиссер К.Касенов сахналаған С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиялық қойылымы және «Қазақстан-Тараз» телеарнасы түсірген «Мәкеннің мерейі» атты деректі бейнефильм көрсетілді. Қазақ театрының әртістері әзірлеген театрландырылған көрініспен кеш өз жалғасын тапты. Тараз қаласының әкімі Б.С.Орынбеков облыс әкімінің құттықтау сөзін табыс етіп, жеңіл автокөліктің кілтін ұсынды. Мәдениет басқармасының бастығы А.Қ.Саденова, Тараз қаласы әкімдігі білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі М.Т.Қожаева, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Баубеков, Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрынан ҚР еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылкелдиев т.б. сөз сөйледі. Мерейтой салтанатына Қазақстанның Халық жазушысы Ш.Мұртаза, ақын, драматург А.Бекбосын бастаған бір топ әдебиет пен өнер қайраткерлері қатысты. Мамыр айының 23-25 аралығында актриса өзінің туған жері Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданында Б.Ұзақовтың «Бір түп алма ағашы» мелодрамасын көрсетті. Жерлестеріне аудан әкімі  Б.Ысқақ «Еңбекші қазақ ауданының құрметті азаматы» атағын берді. Сондай-ақ, 16 наурызда әртіс М.Қожалиев С.Пірмановтың «Наурыз патшалығының құпиясы» атты қиял-ғажайып ертегі-думанын бүлдіршіндерге ұсынды. Бұл М.Қожалиевтің алғашқы режиссерлік жұмысының тусаукесері болды. Театрдың белді актрисасы А.Сағымбекова Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясын қойды.     Бірінші жартыжылдықта бес жаңа қойылым сахналанып үлгерілді. Бұл театрдың үлкен жетістіктерінің бірі. 29 мамыр – 2 маусым аралығында Жамбыл театрында екінші рет дәстүрлі «ART Mix» өнер семинары 9 тармақта өз жалғасын тапты. Оның ішіне бейнелеу өнері, режиссура, сахналық қозғалыс, сценография, актер шеберлігі, сахна тілі тағы басқа дәрістерден көрнекті мамандар лектор Б.Амансахатов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Әбзелбаев, А.Маемиров, режиссер-хореограф Г.Габбасова, Ж.Ақан бес күн бойы әртістерге шеберлік сабақтарын жүргізіп, тәжірибе бөлісті. Д.Фоның «Байы бар, басы бос» трагикомедиясы семинарға қатысушыларға көрсетіліп, қойылым соңынан пікір алмасумен жалғасты. Семинардың мақсаты мен міндеті тек қана кәсіби деңгейді жоғарылату ғана емес, сонымен бірге әртістердің кәсіби даму деңгейін көруге, бағалауға және өзін жеңіп шығуға мүмкіндік беру еді. Қыркүйек айында ҚР халық әртісі А.Әшімовтың 75 жасқа толу мерейтойы мен ҚР халық жазушысы Ш.Мұртазаның 80 жылдық мерейтойы облыс көлемінде аталып өтті. Театр тарапынан автордың ҚР Халық әртісі Е.Төлеубай сахналаған «Домалақ ана» драмасы тарту етілді. Театрда 28 қараша күні әртіст Ерсін Қалыбаеваның өмірде 60 жыл, өнерде 40 жыл толғаны құрметіне арнайы мерейтойы аталып өтілді. Мерейтой иесіне арнап режиссер Қуандық Қасымов Дулат Исабековтің «Актриса» монодрамасын сахналады. Басты рөлді (Айгүл) Ерсін Қалыбаеваның өзі сахналады. Айгүлдің ішкі монологын әртіс Айжан Атымтаева ойнады. Театр ұжымы, мәдениет басқармасы, Кәсіподақ, Театр одағы өз марапаттауларын жеткізді. Ақын Сәнтөре Пірманованың «Жамбыл-Тараз» газетіне «Сахнаның сыршыл шебері» атты Е.Қалыбаева туралы мақаласы жарық көрді (28 қараша, 2012 ж.). Ал,  жас әртіс Мәмбет Қожалиев 26 қараша – 6 желтоқсан аралығында Астана қаласына өткен «Елорда күнін мерекелеу тәжірибесі» атты семинар-практикумға қатысып, білімін тереңдетіп, арнайы сертификат алып қайтты.

2012 жыл сәуір айының 15-20 аралығында Қызылорда қаласына гастрольдік іс-сапармен репертуардағы жылдың ең үздік деген 4 қойылымын көрсетіп қайтты.

ҚР халық әртісі М.Рақымжанованың 60 жылдық мерейтойына орай Қырғыз  режиссері Камат Қасенов С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясын қойды. Басты рөлде М.Рахымжанова – Фармон бибі рөлінде ойнады.

7 сәуірде ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанованың 60 жасқа және шығармашылығына 40 жыл толуына орай Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мерейтойы аталып өтті. Кеш барысында Режиссер К.Касенов сахналаған С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиялық қойылымы және «Қазақстан-Тараз» телеарнасы түсірген «Мәкеннің мерейі» атты деректі бейнефильм көрсетілді. Қазақ театрының әртістері әзірлеген театрландырылған көрініспен кеш өз жалғасын тапты. Тараз қаласының әкімі Б.С.Орынбеков облыс әкімінің құттықтау сөзін табыс етіп, жеңіл автокөліктің кілтін ұсынды. Мәдениет басқармасының бастығы А.Қ.Саденова, Тараз қаласы әкімдігі білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі М.Т.Қожаева, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Баубеков, Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрынан ҚР еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылкелдиев т.б. сөз сөйледі. Мерейтой салтанатына Қазақстанның Халық жазушысы Ш.Мұртаза, ақын, драматург А.Бекбосын бастаған бір топ әдебиет пен өнер қайраткерлері қатысты.

Мамыр айының 23-25 аралығында актриса өзінің туған жері Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданында Б.Ұзақовтың «Бір түп алма ағашы» мелодрамасын көрсетті. Жерлестеріне аудан әкімі  Б.Ысқақ «Еңбекші қазақ ауданының құрметті азаматы» атағын берді.

Сондай-ақ, 16 наурызда әртіс М.Қожалиев С.Пірмановтың «Наурыз патшалығының құпиясы» атты қиял-ғажайып ертегі-думанын бүлдіршіндерге ұсынды. Бұл М.Қожалиевтің алғашқы режиссерлік жұмысының тусаукесері болды. Театрдың белді актрисасы А.Сағымбекова Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясын қойды.    

Бірінші жартыжылдықта бес жаңа қойылым сахналанып үлгерілді. Бұл театрдың үлкен жетістіктерінің бірі.

29 мамыр – 2 маусым аралығында Жамбыл театрында екінші рет дәстүрлі «ART Mix» өнер семинары 9 тармақта өз жалғасын тапты. Оның ішіне бейнелеу өнері, режиссура, сахналық қозғалыс, сценография, актер шеберлігі, сахна тілі тағы басқа дәрістерден көрнекті мамандар лектор Б.Амансахатов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Әбзелбаев, А.Маемиров, режиссер-хореограф Г.Габбасова, Ж.Ақан бес күн бойы әртістерге шеберлік сабақтарын жүргізіп, тәжірибе бөлісті. Д.Фоның «Байы бар, басы бос» трагикомедиясы семинарға қатысушыларға көрсетіліп, қойылым соңынан пікір алмасумен жалғасты. Семинардың мақсаты мен міндеті тек қана кәсіби деңгейді жоғарылату ғана емес, сонымен бірге әртістердің кәсіби даму деңгейін көруге, бағалауға және өзін жеңіп шығуға мүмкіндік беру еді.

Қыркүйек айында ҚР халық әртісі А.Әшімовтың 75 жасқа толу мерейтойы мен ҚР халық жазушысы Ш.Мұртазаның 80 жылдық мерейтойы облыс көлемінде аталып өтті. Театр тарапынан автордың ҚР Халық әртісі Е.Төлеубай сахналаған «Домалақ ана» драмасы тарту етілді.

Театрда 28 қараша күні әртіст Ерсін Қалыбаеваның өмірде 60 жыл, өнерде 40 жыл толғаны құрметіне арнайы мерейтойы аталып өтілді. Мерейтой иесіне арнап режиссер Қуандық Қасымов Дулат Исабековтің «Актриса» монодрамасын сахналады. Басты рөлді (Айгүл) Ерсін Қалыбаеваның өзі сахналады. Айгүлдің ішкі монологын әртіс Айжан Атымтаева ойнады. Театр ұжымы, мәдениет басқармасы, Кәсіподақ, Театр одағы өз марапаттауларын жеткізді. Ақын Сәнтөре Пірманованың «Жамбыл-Тараз» газетіне «Сахнаның сыршыл шебері» атты Е.Қалыбаева туралы мақаласы жарық көрді (28 қараша, 2012 ж.).

Ал,  жас әртіс Мәмбет Қожалиев 26 қараша – 6 желтоқсан аралығында Астана қаласына өткен «Елорда күнін мерекелеу тәжірибесі» атты семинар-практикумға қатысып, білімін тереңдетіп, арнайы сертификат алып қайтты.

Ұқсас материалдар