Қандастар Ассамблея

Театрдың 2011 жылдың ІІ жартыжылдығындағы жетістіктері

23.01.2013 2108
2011 жылдың екінші жартыжылдығы қазан айынан бастап 76-шы маусым театрға оңынан келген маусым болды. Өйткені бірден үш жаңа қойылыммен алғашқы шымылдығын ашқан театр көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 22-23 қарашада Жамбыл облыстық қазақ драма театры үлкен дайындықпен өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой салтанатының алғашқы күнінде мұражайда жылдар бойы сарғайып жатқан фото-шежірелер жаңа өңдеуден өтіп, театр фойесінде жаңа үлгідегі қабырғаларға ілінді. Бас суретші Р.Сапаралиева мен грим-суретшісі Қ.Сыдықназарованың шығармашылығынан туындаған тың дүниелер жиынтығы – грим және сурет көрмесі екі күнге созылды. Сахнадан «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жасаған  «Бұл менің театрым» атты 20 минуттық бейнефильм көрсетілді. Театрдың мерейтойына облыс әкімі Қ.Бозымбаев 45 орындық соңғы үлгідегі жаңа автобус көлігін сыйға тартты. Театр ардагерлері  Нұрсифат Салықова мен Төлентай Жүршиев «Мәдениет қайраткері» төс белгісін алды. ҚР Халық әртісі М.Рахымжанова, ҚР Мәдениет қайраткерлері Ш.Жәменкеева, Ж.Әйтпенбетовтер 1976 жылы режиссер М.Байсеркенов сахналаған М.Шолоховтың «Тынық Дон» эпопеясында үздік ойнағандары үшін М.Шолоховтың 100 жылдығына арналған төс белгімен марапатталды. Сондай-ақ, «Сарыағаш» демалыс орнына театрдың 10 әртісіне арнайы жолдамалар берілді. Әртістердің көпшілігі заманауи үлгідегі теледидарлар мен ноукбуктарды иеленді. «Қазақстан-Тараз» телеарнасы театрдың 75 жылдық мерекесіне орай 75 фильм әзірлеуді ұсынды. Театр сыншысы Я.Шынасылұлы, ҚР Халық әртісі К.Сәкиева, ҚР Мәдениет қайраткері Ж.Әбдіқадыров, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ә.Дүйсекеновалар телеарналар арқылы өз құттықтауларын жеткізді. Жергілікті басылымдарда театр мен оның әртістерінің жетістіктері туралы мақалалар үздіксіз жарияланып отырды. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына байланысты ҚР Халық әртісі М.Рахымжанова, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Әлімбетова, ҚР Мәдениет қайраткері Н.Омарбекова, әртіс  М.Раисхановалар «Мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін» облыс әкімінің  арнайы жүлдесімен қаржылай марапатталды. М.Раисханова 21 желтоқсанда ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 желтоқсандағы жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» арнайы медалімен марапатталды. Желтоқсан айында әртіс Ж.Әлімбековтің елу жасқа толу мерейтойына байланысты туған жері Луговой ауданына «Жүніс күндері» шарасымен С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» қойылымын сахналап, халық алғысына бөленіп қайтты. «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында «Мәдениет күніне орай» Тараз қаласындағы № 47 орта мектепте «Өнердің құдіретін танытқан тұлғалар» атты кешке ҚР Халық әртісі М.Рахымжанова, ҚР Мәдениет қайраткері Ж.Әбдіқадыров, жылдың ең үздік актрисасы «Еңлікгүл» номинациясының иегері Г.Қыпшақовалар шақырылып, өз лебіздерін білдіріп, «Ана – Жер-Ана» қойылымынан үзінділер оқыды.

2011 жылдың екінші жартыжылдығы қазан айынан бастап 76-шы маусым театрға оңынан келген маусым болды. Өйткені бірден үш жаңа қойылыммен алғашқы шымылдығын ашқан театр көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

22-23 қарашада Жамбыл облыстық қазақ драма театры үлкен дайындықпен өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой салтанатының алғашқы күнінде мұражайда жылдар бойы сарғайып жатқан фото-шежірелер жаңа өңдеуден өтіп, театр фойесінде жаңа үлгідегі қабырғаларға ілінді.

Бас суретші Р.Сапаралиева мен грим-суретшісі Қ.Сыдықназарованың шығармашылығынан туындаған тың дүниелер жиынтығы – грим және сурет көрмесі екі күнге созылды. Сахнадан «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жасаған  «Бұл менің театрым» атты 20 минуттық бейнефильм көрсетілді.

Театрдың мерейтойына облыс әкімі Қ.Бозымбаев 45 орындық соңғы үлгідегі жаңа автобус көлігін сыйға тартты.

Театр ардагерлері  Нұрсифат Салықова мен Төлентай Жүршиев «Мәдениет қайраткері» төс белгісін алды. ҚР Халық әртісі М.Рахымжанова, ҚР Мәдениет қайраткерлері Ш.Жәменкеева, Ж.Әйтпенбетовтер 1976 жылы режиссер М.Байсеркенов сахналаған М.Шолоховтың «Тынық Дон» эпопеясында үздік ойнағандары үшін М.Шолоховтың 100 жылдығына арналған төс белгімен марапатталды. Сондай-ақ, «Сарыағаш» демалыс орнына театрдың 10 әртісіне арнайы жолдамалар берілді. Әртістердің көпшілігі заманауи үлгідегі теледидарлар мен ноукбуктарды иеленді.

«Қазақстан-Тараз» телеарнасы театрдың 75 жылдық мерекесіне орай 75 фильм әзірлеуді ұсынды. Театр сыншысы Я.Шынасылұлы, ҚР Халық әртісі К.Сәкиева, ҚР Мәдениет қайраткері Ж.Әбдіқадыров, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ә.Дүйсекеновалар телеарналар арқылы өз құттықтауларын жеткізді. Жергілікті басылымдарда театр мен оның әртістерінің жетістіктері туралы мақалалар үздіксіз жарияланып отырды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына байланысты ҚР Халық әртісі М.Рахымжанова, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Әлімбетова, ҚР Мәдениет қайраткері Н.Омарбекова, әртіс  М.Раисхановалар «Мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін» облыс әкімінің  арнайы жүлдесімен қаржылай марапатталды.

М.Раисханова 21 желтоқсанда ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 желтоқсандағы жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» арнайы медалімен марапатталды.

Желтоқсан айында әртіс Ж.Әлімбековтің елу жасқа толу мерейтойына байланысты туған жері Луговой ауданына «Жүніс күндері» шарасымен С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» қойылымын сахналап, халық алғысына бөленіп қайтты. «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында «Мәдениет күніне орай» Тараз қаласындағы № 47 орта мектепте «Өнердің құдіретін танытқан тұлғалар» атты кешке ҚР Халық әртісі М.Рахымжанова, ҚР Мәдениет қайраткері Ж.Әбдіқадыров, жылдың ең үздік актрисасы «Еңлікгүл» номинациясының иегері Г.Қыпшақовалар шақырылып, өз лебіздерін білдіріп, «Ана – Жер-Ана» қойылымынан үзінділер оқыды.

Ұқсас материалдар