Қандастар Ассамблея

Семей халқы «Даналар сөзін» жаттап жатыр

23.01.2013 2224
Семей қаласының студенттері каникул кезінде «Даналар сөзі » атты акция аясында қоғамдық көліктерге халық даналықтары жазылған көркем плакаттар жапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Жастардың ойы бойынша, осындай мәдени-ағарту шарасы арқылы қалалықтардың отансүйгіштік сезімдерін ұштап, олардың мәдениет деңгейін көтеруге болады. Акцияны «Салауат» облыстық жастардың қоғамдық бірлестігі Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асырған. -Біз өзіміздің идеямызды әрбір адамға әдемі етіп жеткізуге тырыстық. Қалалықтардың көп уақыттарын жолда жоғалтатындары белгілі. Енді олар уақыттарын тиімді пайдаланатын болады, - дейді Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар ісі бойынша комитетінің төрағасы Мирас Малгаждаров. Тұрғындар студенттердің бұл бастамасын жылы қабылдап, алдағы уақытта да осындай шаралар ұйымдастырылып тұрса деген пікірлерін білдіруде. BAQ.kz

Семей қаласының студенттері каникул кезінде «Даналар сөзі » атты акция аясында қоғамдық көліктерге халық даналықтары жазылған көркем плакаттар жапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Жастардың ойы бойынша, осындай мәдени-ағарту шарасы арқылы қалалықтардың отансүйгіштік сезімдерін ұштап, олардың мәдениет деңгейін көтеруге болады.
Акцияны «Салауат» облыстық жастардың қоғамдық бірлестігі Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асырған.
-Біз өзіміздің идеямызды әрбір адамға әдемі етіп жеткізуге тырыстық. Қалалықтардың көп уақыттарын жолда жоғалтатындары белгілі. Енді олар уақыттарын тиімді пайдаланатын болады, - дейді Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар ісі бойынша комитетінің төрағасы Мирас Малгаждаров.
Тұрғындар студенттердің бұл бастамасын жылы қабылдап, алдағы уақытта да осындай шаралар ұйымдастырылып тұрса деген пікірлерін білдіруде.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар