Қандастар Ассамблея

Қазақ әндерін мейрамханалардан да ести бастадық

23.01.2013 2580
Өскемен қаласында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Қазақ әндерінің онкүндігі» акциясы аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz. О, тоба, бұл хабарға қуанайық па, жылайық па? Ештен кеш жақсы, расы сол, әдетте көпшілік көңіл көтеру орындарында орыстың, Батыстың даңғаза музыкасы ойнап тұрады. Енді Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының мұрындық болуының арқасында қазақтың ұлттық әндерін, өңіріміз туралы жазылған шығармаларды насихаттауға бағытталған шараның аясында орысы көп Өскеменде қазақ әндері мен саздары жазылған 50-ден астам жинақ қоғамдық орындардың, мейрамханалар мен дәмханалардың қожайындарына тапсырылды. Бұдан былай демалушылар қазақ әндеріне де сусындай алатын болды. -Біз енді өз репертуарымызға қазақ әндерін қоса аламыз, қазір осындай ән-күйлерге сұраныс көп,- дейді дәмханалардың бірінің әкімшілік жетекшісі Алиса Бейсекенова. -Әрине, біздің өзімізде де біраз музыка бар, болғанмен де бұл жинақ біз үшін үлкен сыйлық. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар орыс, татар және басқа да ұлттардың әндерінің онкүндіктерін өткізуді жоспарлап отыр. Акцияны өткізуде белсенділік танытқан ұйымдар ерекше марапатталатын болады. BAQ.kz

Өскемен қаласында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Қазақ әндерінің онкүндігі» акциясы аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

О, тоба, бұл хабарға қуанайық па, жылайық па? Ештен кеш жақсы, расы сол, әдетте көпшілік көңіл көтеру орындарында орыстың, Батыстың даңғаза музыкасы ойнап тұрады. Енді Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының мұрындық болуының арқасында қазақтың ұлттық әндерін, өңіріміз туралы жазылған шығармаларды насихаттауға бағытталған шараның аясында орысы көп Өскеменде қазақ әндері мен саздары жазылған 50-ден астам жинақ қоғамдық орындардың, мейрамханалар мен дәмханалардың қожайындарына тапсырылды. Бұдан былай демалушылар қазақ әндеріне де сусындай алатын болды.
-Біз енді өз репертуарымызға қазақ әндерін қоса аламыз, қазір осындай ән-күйлерге сұраныс көп,- дейді дәмханалардың бірінің әкімшілік жетекшісі Алиса Бейсекенова. -Әрине, біздің өзімізде де біраз музыка бар, болғанмен де бұл жинақ біз үшін үлкен сыйлық.
Алдағы уақытта ұйымдастырушылар орыс, татар және басқа да ұлттардың әндерінің онкүндіктерін өткізуді жоспарлап отыр. Акцияны өткізуде белсенділік танытқан ұйымдар ерекше марапатталатын болады.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар