Қандастар Ассамблея

Интернетте талқыланып жатқан дүниелер теледидарда көрініс таппай жатады – А.Сарым

22.01.2013 2171
Бүгінде интернетте талқыланып жатқан дүниелер, өкінішке қарай, теледидарда көрініс таппай жатады. Бұл туралы бүгін Қазақ сайттары редакторларының конференциясы барысында «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Кеңес кезінде теледидар театрды да, киноны да жояды деген пікір болғаны белгілі. Одан бері біраз уақыт өтті. Театр да, кино да өз орнында қалды, радио да тоқтаған жоқ. Мына Медиа орталықтың өзін алып қарайықшы, бүкіл дәстүрлі баспасөздің барлығы осында жиналып отыр, интернетке де орын бар. Менің ойымша, бүгінгі күні интернет осы кезге дейін қалыптасқан барлық дәстүрлі баспасөздің байламын өзіне қорытып, олардың дамуына қайта ықпал етуде. Солардың интерактивтілігін қамтамасыз етіп отырған үлкен құрал», - деді А.Сарым. Оның айтуынша, қазақстандық телеарналар мен интернет кеңістіктің күн тәртібі екі түрлі. Бұл отандық телеарналардың бәсекеге қабілеттілігін шектейді. «Қазір әлеуметтік желілеріміз жұмыс істейді, қазақ тұтынушылары, қазақ интернеті бір бөлек күшке айналып келе жатыр. Осы жерде мынадай бір мәселе бар. Бүгінгі күні Қазақстанның теледидары мен әлеуметтік желілелерді, интернетті салыстыра алып қарасақ, екеуінің күн тәртібі екі түрлі. Яғни, интернетте талқыланып жатқан дүниелер, өкінішке қарай, теледидарда көрініс таппай жатады. Соның салдарынан біздің телеарналар өзінің бәскеге қабілеттілігін, бар мүмкіндігін шектеп отырған сияқты», - деп түйіндеді ол. Диана Құлмағанбетова

Бүгінде интернетте талқыланып жатқан дүниелер, өкінішке қарай, теледидарда көрініс таппай жатады. Бұл туралы бүгін Қазақ сайттары редакторларының конференциясы барысында «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Кеңес кезінде теледидар театрды да, киноны да жояды деген пікір болғаны белгілі. Одан бері біраз уақыт өтті. Театр да, кино да өз орнында қалды, радио да тоқтаған жоқ. Мына Медиа орталықтың өзін алып қарайықшы, бүкіл дәстүрлі баспасөздің барлығы осында жиналып отыр, интернетке де орын бар. Менің ойымша, бүгінгі күні интернет осы кезге дейін қалыптасқан барлық дәстүрлі баспасөздің байламын өзіне қорытып, олардың дамуына қайта ықпал етуде. Солардың интерактивтілігін қамтамасыз етіп отырған үлкен құрал», - деді А.Сарым.

Оның айтуынша, қазақстандық телеарналар мен интернет кеңістіктің күн тәртібі екі түрлі. Бұл отандық телеарналардың бәсекеге қабілеттілігін шектейді.

«Қазір әлеуметтік желілеріміз жұмыс істейді, қазақ тұтынушылары, қазақ интернеті бір бөлек күшке айналып келе жатыр. Осы жерде мынадай бір мәселе бар. Бүгінгі күні Қазақстанның теледидары мен әлеуметтік желілелерді, интернетті салыстыра алып қарасақ, екеуінің күн тәртібі екі түрлі. Яғни, интернетте талқыланып жатқан дүниелер, өкінішке қарай, теледидарда көрініс таппай жатады. Соның салдарынан біздің телеарналар өзінің бәскеге қабілеттілігін, бар мүмкіндігін шектеп отырған сияқты», - деп түйіндеді ол.

Диана Құлмағанбетова

Ұқсас материалдар