Қандастар Ассамблея

Латын әліпбиіне көшу мәселесін ЭКСПО немесе басқа да жобалармен байланыстырмау қажет - Қарин

22.01.2013 1835
Латын әліпбиіне көшу мәселесін ЭКСПО немесе басқа да жобалармен байланыстырмау қажет. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Латын әліпбиіне көшуді ЭКСПО не болмаса қандайда бір басқа жобалармен байланыстырмау керек. Президент стратегиялық межені белгілеп берді. Дегенмен, латын әліпбиіне көшу үдерісі әлдеқайда ертерек басталады деп ойлаймын. Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын үдеріс. Бұл ретте өзге елдердің тәжірибесін зерттеу қажет. Журналистерге берген сұхбаттарымның бірінде бұл мәселені қозғаған болатынмын. Кеңес одағы құлдырап, көптеген елдер латын әліпбиіне көшкен уақытта олардың кейбірі қателесті. Әзірбайжанда бұл үдеріс сәтті өтсе, Өзбекстанда ол екі кезеңге бөлінді. Бірінші енгізілген жоба тиімсіз болып шықты. Одан кейін екінші жобаға көшіп жатты. Бұл ретте біздің басымдығымыз бар деуге болады. Яғни, өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндігіміз мол», - деді Қарин. Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу межесі 2025 жылға белгіленіп отырғанымен, бүгінгі күннен бастап белгілі бір жобаны таңдау қажет. «2025 жылы латын әліпбиіне толығымен көшу стратегиялық межесі белгіленіп отыр. Ол уақытқа дейін біз қандай мәселелерді шешуіміз қажет? Біз белгілі бір жобаларды таңдауымыз керек. Сарапшылар бүгінгі күннің өзінде латын әліпбиіне көшудің көптеген жобасы бар деп жатыр. Олардың саны жүзден асып жығылады екен. Қазіргі уақытта бізге белгілі бір жобаны таңдап, кәсіби, техникалық, ақпараттық, коммуникативтік және басқа да мәселелерді анықтауымыз қажет. Бұл мәселеге міндетті түрде сарапшыларды тарту қажет. Саяси шешімді қабылдайтын мемлекеттік комиссия шешімді белгілі бір сарапшылар тобына сүйене отырып қабылдауы тиіс. Оған филологтар мен фонологтарды кіргізген жөн», - деп түйіндеді ол. Диана Құлмағанбетова

Латын әліпбиіне көшу мәселесін ЭКСПО немесе басқа да жобалармен байланыстырмау қажет. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Латын әліпбиіне көшуді ЭКСПО не болмаса қандайда бір басқа жобалармен байланыстырмау керек. Президент стратегиялық межені белгілеп берді. Дегенмен, латын әліпбиіне көшу үдерісі әлдеқайда ертерек басталады деп ойлаймын. Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын үдеріс. Бұл ретте өзге елдердің тәжірибесін зерттеу қажет. Журналистерге берген сұхбаттарымның бірінде бұл мәселені қозғаған болатынмын. Кеңес одағы құлдырап, көптеген елдер латын әліпбиіне көшкен уақытта олардың кейбірі қателесті. Әзірбайжанда бұл үдеріс сәтті өтсе, Өзбекстанда ол екі кезеңге бөлінді. Бірінші енгізілген жоба тиімсіз болып шықты. Одан кейін екінші жобаға көшіп жатты. Бұл ретте біздің басымдығымыз бар деуге болады. Яғни, өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндігіміз мол», - деді Қарин.

Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу межесі 2025 жылға белгіленіп отырғанымен, бүгінгі күннен бастап белгілі бір жобаны таңдау қажет.

«2025 жылы латын әліпбиіне толығымен көшу стратегиялық межесі белгіленіп отыр. Ол уақытқа дейін біз қандай мәселелерді шешуіміз қажет? Біз белгілі бір жобаларды таңдауымыз керек. Сарапшылар бүгінгі күннің өзінде латын әліпбиіне көшудің көптеген жобасы бар деп жатыр. Олардың саны жүзден асып жығылады екен. Қазіргі уақытта бізге белгілі бір жобаны таңдап, кәсіби, техникалық, ақпараттық, коммуникативтік және басқа да мәселелерді анықтауымыз қажет. Бұл мәселеге міндетті түрде сарапшыларды тарту қажет. Саяси шешімді қабылдайтын мемлекеттік комиссия шешімді белгілі бір сарапшылар тобына сүйене отырып қабылдауы тиіс. Оған филологтар мен фонологтарды кіргізген жөн», - деп түйіндеді ол.

Диана Құлмағанбетова

Ұқсас материалдар