Қандастар Ассамблея

Киелі Абай жерінен келген оқушылар Астанамен танысты

21.01.2013 2422
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астанаға Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданынан бір топ мектеп оқушылары саяхаттап келді. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды. Киелі Абай жерінен келген жиырма бір мектеп оқушысы мен олардың төрт жетекшісі Астананың мәдени орындарымен, соның ішінде «Бәйтерек» кешенімен, Тұңғыш Президент музейімен, Бейбітшілік және Келісім сарайымен, «Думан» ойын-сауық орталығын аралап, Парламент Мәжілісінің ғимаратында заң шығару орнымен танысты. Олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, заң шығару органының күнделікті қызметі туралы депутат Нұртай Сабильянов айтып берді. Депутат Нұртай Сабильяновтың Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен тұрғындары үшін осындай іс-шара ұйымдастыруы бірнеше жылдан бері дәстүрге айналғандай. Ол мұндай іс-шара мектеп оқушыларының патриоттық сезімдерін, рухани келбетін дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені Елбасының тікелей бастамасымен негізі қаланған Астананы көру, ондағы мәдени орындармен танысу ауылдан келген мектеп оқушылары мен жастарға айрықша қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. BNews.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астанаға Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданынан бір топ мектеп оқушылары саяхаттап келді. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды.

Киелі Абай жерінен келген жиырма бір мектеп оқушысы мен олардың төрт жетекшісі Астананың мәдени орындарымен, соның ішінде «Бәйтерек» кешенімен, Тұңғыш Президент музейімен, Бейбітшілік және Келісім сарайымен, «Думан» ойын-сауық орталығын аралап, Парламент Мәжілісінің ғимаратында заң шығару орнымен танысты. Олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, заң шығару органының күнделікті қызметі туралы депутат Нұртай Сабильянов айтып берді.

Депутат Нұртай Сабильяновтың Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен тұрғындары үшін осындай іс-шара ұйымдастыруы бірнеше жылдан бері дәстүрге айналғандай. Ол мұндай іс-шара мектеп оқушыларының патриоттық сезімдерін, рухани келбетін дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені Елбасының тікелей бастамасымен негізі қаланған Астананы көру, ондағы мәдени орындармен танысу ауылдан келген мектеп оқушылары мен жастарға айрықша қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.

BNews.kz

Ұқсас материалдар