Қандастар Ассамблея

Геннадий Головкин бүгінгі жекпе-жекте 350 мың доллар алмақшы

20.01.2013 1658
Нью-Йоркте өтетін кезекті жекпе-жегінде тиесілі қаржы - 350 мың доллар. Бұл туралы белгілі америкалық шолушы Дэн Рафаэль Twitter-де хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін бұл бокс шоуы Астана уақытымен қаңтардың 20 күні сағат 8:00-де басталады деп жоспарланған. Бокс шоуының ең жоғары гонорары Г.Головкинге тиесілі болса, онымен жекпе-жекке шығатын америкалық Габриэль Росадоға 150 мың доллар бұйырмақ. Кештің ең басты жекпе-жегінің кейіпкерлері - Мигель Анхель Гарсия мен WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Орландо Салидо 220 мың және 200 мың доллардан алады деседі. Алайда Салидоның қалтасына бұдан бөлек тағы осынша қаражат түспекші. Ол - бұл жекпе-жекті боксшының отанында көрсету құқығын жеңіп алған мексикалық телеарналар төлейтін қаржының бір бөлігі көрнеді.   Қ.Ахметов BAQ.kz

Нью-Йоркте өтетін кезекті жекпе-жегінде тиесілі қаржы - 350 мың доллар. Бұл туралы белгілі америкалық шолушы Дэн Рафаэль Twitter-де хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін бұл бокс шоуы Астана уақытымен қаңтардың 20 күні сағат 8:00-де басталады деп жоспарланған.

Бокс шоуының ең жоғары гонорары Г.Головкинге тиесілі болса, онымен жекпе-жекке шығатын америкалық Габриэль Росадоға 150 мың доллар бұйырмақ.

Кештің ең басты жекпе-жегінің кейіпкерлері - Мигель Анхель Гарсия мен WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Орландо Салидо 220 мың және 200 мың доллардан алады деседі. Алайда Салидоның қалтасына бұдан бөлек тағы осынша қаражат түспекші. Ол - бұл жекпе-жекті боксшының отанында көрсету құқығын жеңіп алған мексикалық телеарналар төлейтін қаржының бір бөлігі көрнеді.
 
Қ.Ахметов

BAQ.kz

Ұқсас материалдар