Қандастар Ассамблея

«Астана арландары» «Украина атамандарынан» мықты шықты

19.01.2013 1862
Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) бәсекесінде еліміздің «Астана арландары» командасы «Украина атамандарын» 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 54 келі салмақта Мирас Жақыпов украиндық Александр Рыськоны 3:0 есебімен ұтса, 61 келі салмақ дәрежесінде команда капитаны Самат Башенов қарсыласы Дмитрий Руденконы 3:0 есебімен тізе бүктірді. 73 келі салмақта «Астана арландарының» легионері Константин Снегур қарсыласы Иван Голубқа есе жіберіп қойды. Есесіне, 85 келі салмақта ирандық легионер Эхсан Роузбахани украиндық Денис Соломенконы 0:3 есебімен ойсырата жеңді.  «Астана арландары» сапында 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Руслан Мырзатаев соңғы жеңісті қанжығасына байлады. Ол қарсыласы Анатолий Антонюкты жекпе-жектің соңында нокдаунға жіберіп, 3:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, WSB бокс сериясының В тобында 6 рет қатарынан жеңіске жеткен «Астана арландары» командасы көш бастап тұр. Наурыздың 1-інде еліміздің былғары қолғап шеберлері Неміс қырандарымен жұдырықтасады. Гүлмира Ғосманәлі

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) бәсекесінде еліміздің «Астана арландары» командасы «Украина атамандарын» 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

54 келі салмақта Мирас Жақыпов украиндық Александр Рыськоны 3:0 есебімен ұтса, 61 келі салмақ дәрежесінде команда капитаны Самат Башенов қарсыласы Дмитрий Руденконы 3:0 есебімен тізе бүктірді. 73 келі салмақта «Астана арландарының» легионері Константин Снегур қарсыласы Иван Голубқа есе жіберіп қойды. Есесіне, 85 келі салмақта ирандық легионер Эхсан Роузбахани украиндық Денис Соломенконы 0:3 есебімен ойсырата жеңді. 

«Астана арландары» сапында 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Руслан Мырзатаев соңғы жеңісті қанжығасына байлады. Ол қарсыласы Анатолий Антонюкты жекпе-жектің соңында нокдаунға жіберіп, 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, WSB бокс сериясының В тобында 6 рет қатарынан жеңіске жеткен «Астана арландары» командасы көш бастап тұр.

Наурыздың 1-інде еліміздің былғары қолғап шеберлері Неміс қырандарымен жұдырықтасады.

Гүлмира Ғосманәлі

Ұқсас материалдар