Қандастар Ассамблея

Айгүл Соловьева: Үкіметтік емес ұйымдар Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысады

17.01.2013 2205
Үкіметтік емес ұйымдар Президенттің Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Бүгін Астанада өткен Қазақстанның азаматтық альянсы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айгүл Соловьева осылай деді.   «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі көздегені – әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту болып табылады. Азаматтардың өздері бұл үрдіске араласпай, кезекті игілік орталықтан келеді деп күтіп отыруларын, біз мемлекетімізді құрудың белсенді қатысушылары ретінде дұрыс бағыт емес деп есептейміз. Сондықтан біз Президенттің Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысу үшін қазір құжатты түсіндіріп жатырмыз. Әрбір үкіметтік емес ұйым Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға қандай үлесін қоса алатынын айқындап алды. Бұл құжатта дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін негізгі мақсаттар анықталған. Ең бастысы – алға қойылып отырған міндеттерді іске асыруға адамдар өздері қатысуы керек», - деген пікірін білдірді Айгүл Соловьева. Депутат үкіметтік емес ұйымдардың бизнеспен серіктестік орнатуға ниетті екенін жеткізді. Бұл бағытта бүгінде жұмыс басталып кеткен. «Қазір үкіметтік емес ұйымдар бизнес-құрылымдармен серіктестік орнатуда. Қазір біз бұл мәселе төңірегінде жұмыс жасап жатырмыз. Әріптестік орнататын құрылымдарды іріктеудеміз. Бизнеспен азаматтық бастамалар қорын ұйымдастыру жоспарда бар. Біз қоғамдағы мәселелерді шешу үшін нақты міндеттерді айқындаймыз. Ал ниет танытқан әрбір кәсіпкер бастамамызға қаржылық қолдау көрсететін болады», - деп атап өтті Қазақстанның азаматтық альянсының президенті. Айымгүл Әбілева

Үкіметтік емес ұйымдар Президенттің Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Бүгін Астанада өткен Қазақстанның азаматтық альянсы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айгүл Соловьева осылай деді.  

«Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі көздегені – әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту болып табылады. Азаматтардың өздері бұл үрдіске араласпай, кезекті игілік орталықтан келеді деп күтіп отыруларын, біз мемлекетімізді құрудың белсенді қатысушылары ретінде дұрыс бағыт емес деп есептейміз. Сондықтан біз Президенттің Жолдауын жүзеге асыруға белсенді қатысу үшін қазір құжатты түсіндіріп жатырмыз. Әрбір үкіметтік емес ұйым Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға қандай үлесін қоса алатынын айқындап алды. Бұл құжатта дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін негізгі мақсаттар анықталған. Ең бастысы – алға қойылып отырған міндеттерді іске асыруға адамдар өздері қатысуы керек», - деген пікірін білдірді Айгүл Соловьева.

Депутат үкіметтік емес ұйымдардың бизнеспен серіктестік орнатуға ниетті екенін жеткізді. Бұл бағытта бүгінде жұмыс басталып кеткен.

«Қазір үкіметтік емес ұйымдар бизнес-құрылымдармен серіктестік орнатуда. Қазір біз бұл мәселе төңірегінде жұмыс жасап жатырмыз. Әріптестік орнататын құрылымдарды іріктеудеміз. Бизнеспен азаматтық бастамалар қорын ұйымдастыру жоспарда бар. Біз қоғамдағы мәселелерді шешу үшін нақты міндеттерді айқындаймыз. Ал ниет танытқан әрбір кәсіпкер бастамамызға қаржылық қолдау көрсететін болады», - деп атап өтті Қазақстанның азаматтық альянсының президенті.

Айымгүл Әбілева

Ұқсас материалдар