Қандастар Ассамблея

Головкин чемпиондық атағын қорғайды

17.01.2013 1334
WBA тұжырымының жарты­лай ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын қорғау үшін пуэрто-риколық боксшы Габриэль Росадомен жұдырықтасатын жерлесіміз Геннадий Головкин кеше Нью-Йорк қаласына табан тіреді. Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек кеші қаңтардың 19-ы күні Нью-Йоркте өтеді. Кәсіпқой рингте 24 рет жұды­рық­тасып, барлық қарсыласын жеңген Гена­ның бұл жолғы қарсыласы да осал емес. 26 жасар Росадо осыған дейін 25 рет шаршы алаңға шығып, бесеуінде жеңіліп қалыпты. Қалғанын жеңген, 12 боксшыны нокаутқа түсірген. Қазақстандық боксшы­ны да естен тандырамын деп сұхбат беріп жүр. — Сегізінші немесе тоғызыншы раундта Головкинді есінен тандырамын. Өз күшіме сеніп тұрмын. Рас, жұрттың барлығы оның соққысының қаншалықты жойқын екендігін айтып жүр. Бірақ олар әлі мені білмейді екен. Менің де соққым қуатты, естен тандырарлықтай. Салмақ қосқан сайын соққым да күшейе түседі, – деп өзеуреді өзінің бір сұхбатында Габриэль Росадо. Айтпақшы, бұл жекпе-жек кешін әлемге әйгілі НВО телеарнасы тікелей эфир­ден көрсетпек. Ал бұл арнаның түсірілімі өте қымбат және үлкен мәртебе. Автор: Асфендияр ЖАНАДІЛ  Алаш айнасы

WBA тұжырымының жарты­лай ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын қорғау үшін пуэрто-риколық боксшы Габриэль Росадомен жұдырықтасатын жерлесіміз Геннадий Головкин кеше Нью-Йорк қаласына табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек кеші қаңтардың 19-ы күні Нью-Йоркте өтеді. Кәсіпқой рингте 24 рет жұды­рық­тасып, барлық қарсыласын жеңген Гена­ның бұл жолғы қарсыласы да осал емес. 26 жасар Росадо осыған дейін 25 рет шаршы алаңға шығып, бесеуінде жеңіліп қалыпты. Қалғанын жеңген, 12 боксшыны нокаутқа түсірген. Қазақстандық боксшы­ны да естен тандырамын деп сұхбат беріп жүр.

— Сегізінші немесе тоғызыншы раундта Головкинді есінен тандырамын. Өз күшіме сеніп тұрмын. Рас, жұрттың барлығы оның соққысының қаншалықты жойқын екендігін айтып жүр. Бірақ олар әлі мені білмейді екен. Менің де соққым қуатты, естен тандырарлықтай. Салмақ қосқан сайын соққым да күшейе түседі, – деп өзеуреді өзінің бір сұхбатында Габриэль Росадо.

Айтпақшы, бұл жекпе-жек кешін әлемге әйгілі НВО телеарнасы тікелей эфир­ден көрсетпек. Ал бұл арнаның түсірілімі өте қымбат және үлкен мәртебе.

Автор: Асфендияр ЖАНАДІЛ 

Алаш айнасы

Ұқсас материалдар