Қандастар Ассамблея

Бүгін - Дүниежүзілік өнертапқыш-балалар күні

17.01.2013 2752
Бүгін бүкіл әлем бойынша Балалар өнертабысы күні немесе басқа аудармада Өнертапқыш-балалар күні (Kid Inventors' Day) атап өтілуде. Бұл дата Американың мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, өнертапқыш және журналист Бенджамин Франклиннің туған күнінен алынды. Бен Фраклин 12 жасында алғашқы болып - шомылу барысында екі қолға киілетін ескекақытарды ойлап тапты. Кейіннен Б.Франклин көптеген сынақтар жасап, ғылыми зерттеулерін жалғастырды және әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосты. Ғалымның кейбір тұжырымдары дәуірден бірнеше жыл алға озық болды. Оның көптеген өнер табыстарының арасында тербелмелі-кресло, бифокалды көзілдірік және басқалары бар. Өнертапқыш балаларға келетін болсақ, Франклиннің 13 жастағы отандасы Бенни Бенсон 1926 жылы Алясканың Мемлекеттік туының нобайына жарияланған байқауға өзінің жобасын жіберді. Көк аспанды білдіретін көк түс және штаттың ресми гүлі - ботакөз, Жеті қарақшы мен Поляр жұлдызының суреттері ұл баланы жеңіске алып келді. Ал батут қалай пайда болды? 1930 жылы әуе гимнасттарының жарыстарын тамашалап отырған Джордж Ниссен, спортшылар өнер көрсеткеннен кейін сақтандыру торына секіріп түсетініне назар аударды. Акробаттардың өнер көрсетулері осымен аяқталатын, бірақ 16 жастағы бозбала ойлана келе, «серіппелі құрылғыны» жасап шығармақ болды. Ол адамды серіппемен жоғары лақтырып, гимнаст ауады әртүрлі трюктарды жасай алды. BAQ.kz

Бүгін бүкіл әлем бойынша Балалар өнертабысы күні немесе басқа аудармада Өнертапқыш-балалар күні (Kid Inventors' Day) атап өтілуде. Бұл дата Американың мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, өнертапқыш және журналист Бенджамин Франклиннің туған күнінен алынды. Бен Фраклин 12 жасында алғашқы болып - шомылу барысында екі қолға киілетін ескекақытарды ойлап тапты.

Кейіннен Б.Франклин көптеген сынақтар жасап, ғылыми зерттеулерін жалғастырды және әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосты. Ғалымның кейбір тұжырымдары дәуірден бірнеше жыл алға озық болды. Оның көптеген өнер табыстарының арасында тербелмелі-кресло, бифокалды көзілдірік және басқалары бар.

Өнертапқыш балаларға келетін болсақ, Франклиннің 13 жастағы отандасы Бенни Бенсон 1926 жылы Алясканың Мемлекеттік туының нобайына жарияланған байқауға өзінің жобасын жіберді. Көк аспанды білдіретін көк түс және штаттың ресми гүлі - ботакөз, Жеті қарақшы мен Поляр жұлдызының суреттері ұл баланы жеңіске алып келді.

Ал батут қалай пайда болды? 1930 жылы әуе гимнасттарының жарыстарын тамашалап отырған Джордж Ниссен, спортшылар өнер көрсеткеннен кейін сақтандыру торына секіріп түсетініне назар аударды. Акробаттардың өнер көрсетулері осымен аяқталатын, бірақ 16 жастағы бозбала ойлана келе, «серіппелі құрылғыны» жасап шығармақ болды. Ол адамды серіппемен жоғары лақтырып, гимнаст ауады әртүрлі трюктарды жасай алды.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар