Қандастар Ассамблея

Ғалымдар сынған сүйекті жалғайтын желім ойлап тапты

16.01.2013 2557
Швеция ғалымдары сынған сүйектерді жалғайтын ерекше желім жасап шығарды. 14 жыл бойы зерттеу жұмыстары арқасында мамандар ғылым саласындағы үлкен жетістікке жетіп отыр.  Жергілікті технологиялық институт ғалымдары медицина саласында осы желім үлкен сұранысқа ие болатынына кәміл сенеді. Енді хирургиялық операция кезінде дәрігерлер науқастарға осы желімді қолдана алады. Желім аяқ-қол, тіпті, бел омыртқасы зақымданғанда да көмектеседі. Аталмыш сұйықтық адам ағзасына тез сіңіп, сүйекпен қалыптасып кетеді екен. Алайда, сынған сүйектерді орнына келтіру үшін қосымша темір пластина да қажет. 24.kz

Швеция ғалымдары сынған сүйектерді жалғайтын ерекше желім жасап шығарды. 14 жыл бойы зерттеу жұмыстары арқасында мамандар ғылым саласындағы үлкен жетістікке жетіп отыр. 

Жергілікті технологиялық институт ғалымдары медицина саласында осы желім үлкен сұранысқа ие болатынына кәміл сенеді. Енді хирургиялық операция кезінде дәрігерлер науқастарға осы желімді қолдана алады. Желім аяқ-қол, тіпті, бел омыртқасы зақымданғанда да көмектеседі. Аталмыш сұйықтық адам ағзасына тез сіңіп, сүйекпен қалыптасып кетеді екен. Алайда, сынған сүйектерді орнына келтіру үшін қосымша темір пластина да қажет.

24.kz

Ұқсас материалдар