Қандастар Ассамблея

Астанада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» иегерлеріне гранттар табыс етілді

15.01.2013 2492
Бүгін Астанада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» атағы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 200 үздік оқытушыға сертификаттар мен төсбелгілер табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Елбасы білім мен ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөледі. Әр Жолдауында маңызды міндеттерді айқындайды. Президент жас қазақстандықтардың білікті кәсіп иесі, әлемнің кез келген түкпірінде сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болуы қажет екендігін ерекше атап айтады. Ал сіздер жастарды тәрбиелеп, білім беріп, оны тиімді пайдалана білуге үйретесіздер. Бүгін осы еңбектеріңіздің лайықты бағасын алып отырсыздар», - деді салтанатты жиынды ашқан ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. Биыл еліміздің 57 жоғары оқу орнының 200 ұстазы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» атағына ие болды. Оның 51% - ғылым досторы, 37,5% - профессорлар, өзгелері - ғылым кандидаттары, доценттер. Байқауға 97 жоғары оқу орнынан, оның ішінде 49 мемлекеттік және 48 жеке меншік университеттен 500-ден астам өтінім түскен. Байқау еліміздегі жоғары оқу орындарының 70%-ын қамтыды. Байқау жеңімпаздарының 50%-ы физика-математика, биология, медицина, химия салаларында, 31 адам педагогикалық қызметте еңбек етіп жүр. «Мен Қазақстандағы жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары қатарына енгеніме қуаныштымын. Бүгінгі күні инновациялық технологияларға үлкен көңіл бөлінеді. Біздің университет бұл жаңа саладағы жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. Біз түрлі жобаларды жүзеге асырдық. Көп жылдар бойы бұл бағытта қажырлы еңбек етіп келеміз. Осы жұмыстың нәтижесінде аталған атақты иеленіп отырмын деп есептеймін», - дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің профессоры Зура Есімсейітова. Бұл грант жоғары оқу орнының оқытушыларына Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Швеция, Австрия, Литва, Латвия сияқты елдердің үздік жоғары оқу орындарында біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасуға, халықаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік бермек. Олар зерттеу жұмыстарына студенттер мен магистранттарды тарта алады. Айымгүл Әбілева

Бүгін Астанада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» атағы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 200 үздік оқытушыға сертификаттар мен төсбелгілер табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасы білім мен ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөледі. Әр Жолдауында маңызды міндеттерді айқындайды. Президент жас қазақстандықтардың білікті кәсіп иесі, әлемнің кез келген түкпірінде сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болуы қажет екендігін ерекше атап айтады. Ал сіздер жастарды тәрбиелеп, білім беріп, оны тиімді пайдалана білуге үйретесіздер. Бүгін осы еңбектеріңіздің лайықты бағасын алып отырсыздар», - деді салтанатты жиынды ашқан ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Биыл еліміздің 57 жоғары оқу орнының 200 ұстазы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2012» атағына ие болды. Оның 51% - ғылым досторы, 37,5% - профессорлар, өзгелері - ғылым кандидаттары, доценттер.

Байқауға 97 жоғары оқу орнынан, оның ішінде 49 мемлекеттік және 48 жеке меншік университеттен 500-ден астам өтінім түскен. Байқау еліміздегі жоғары оқу орындарының 70%-ын қамтыды.

Байқау жеңімпаздарының 50%-ы физика-математика, биология, медицина, химия салаларында, 31 адам педагогикалық қызметте еңбек етіп жүр.

«Мен Қазақстандағы жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары қатарына енгеніме қуаныштымын. Бүгінгі күні инновациялық технологияларға үлкен көңіл бөлінеді. Біздің университет бұл жаңа саладағы жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. Біз түрлі жобаларды жүзеге асырдық. Көп жылдар бойы бұл бағытта қажырлы еңбек етіп келеміз. Осы жұмыстың нәтижесінде аталған атақты иеленіп отырмын деп есептеймін», - дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің профессоры Зура Есімсейітова.

Бұл грант жоғары оқу орнының оқытушыларына Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Швеция, Австрия, Литва, Латвия сияқты елдердің үздік жоғары оқу орындарында біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасуға, халықаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік бермек. Олар зерттеу жұмыстарына студенттер мен магистранттарды тарта алады.

Айымгүл Әбілева

Ұқсас материалдар