Қандастар Ассамблея

Жылдың ең үздік мұғалімі

14.01.2013 2222
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев елімізде «2012 жылдың ең үздік мұғалімі» байқауы өткізілетінін хабарлады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған байқау ЖОО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, мұғалімдік мамандықтың тартымдылығын көтеруге және оларды ынталандыруға бағытталған. Бұл еліміздегі білім жүйесі үшін маңызы зор. Бұл мәселе былтыр қараша айында Елбасы мен ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың жеке кездесуі кезінде айтылған болатын. Байқау нәтижесі 15 қаңтарда мәлім болмақ. BAQ.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев елімізде «2012 жылдың ең үздік мұғалімі» байқауы өткізілетінін хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған байқау ЖОО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, мұғалімдік мамандықтың тартымдылығын көтеруге және оларды ынталандыруға бағытталған. Бұл еліміздегі білім жүйесі үшін маңызы зор. Бұл мәселе былтыр қараша айында Елбасы мен ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың жеке кездесуі кезінде айтылған болатын. Байқау нәтижесі 15 қаңтарда мәлім болмақ.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар