Қандастар Ассамблея

Жастар арасында танымал 100 үздік кітап іріктеліп алынып, мемлекеттік тілге аударылады

14.01.2013 3427
Бүгін елімізде «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Кел, жастар, оқылық!» республикалық науқаны басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгіннен бастап «Жас Отан» жастар қанаты «Кел, жастар, оқылық!» атты республикалық науқанды бастап отырмыз. Бұл науқанның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқуды насихаттау болып табылады. Жастар арасында қазір кітап оқу сәнді болуы керек, тренд болу қажет. Шетелде, мысалы, Мәскеуде метрода кетіп бара жатқанда, не болмаса Еуропа мемлекеттерінде қолдары кішкене босаса болды, адамдар кітап оқи бастайды. Кітап - тарихымыздың айнасы, дәстүріміздің діңгегі. Сондықтан насихаттау қажет», - деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңесінің мүшесі Бақытжан Нарымбет. Науқан аясында бірқатар әлеуметтік-мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Оның бірі -жастар аса қызығушылық танытатын ең үздік 100 кітапты іріктеп алып, оларды мемлекеттік тілге аудару. Елбасы соңғы Жолдауында осындай бастама көтерген еді. «Қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес, өзге тілдегі жүз кітапты іріктеп аламыз. Әлеуметтік желілерде жастар арасында сауалнама жүргізіп, сол арқылы жастар арасында танымал кітаптарды анықтаймыз. Мұнымен қатар науқан шеңберінде түрлі республикалық байқаулар, «Абай жолы» телеолимпиадасын өткізу ойымызда бар. Облыстық деңгейде үздік кітап оқитындар жобасын бастауды да көздеп отырмыз», - деді Б.Нарымбет. «Кел, жастар, оқылық!» республикалық акциясы мамыр айының соңына дейін жалғаспақ. Айымгүл Әбілев

Бүгін елімізде «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Кел, жастар, оқылық!» республикалық науқаны басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгіннен бастап «Жас Отан» жастар қанаты «Кел, жастар, оқылық!» атты республикалық науқанды бастап отырмыз. Бұл науқанның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқуды насихаттау болып табылады. Жастар арасында қазір кітап оқу сәнді болуы керек, тренд болу қажет. Шетелде, мысалы, Мәскеуде метрода кетіп бара жатқанда, не болмаса Еуропа мемлекеттерінде қолдары кішкене босаса болды, адамдар кітап оқи бастайды. Кітап - тарихымыздың айнасы, дәстүріміздің діңгегі. Сондықтан насихаттау қажет», - деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңесінің мүшесі Бақытжан Нарымбет.

Науқан аясында бірқатар әлеуметтік-мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Оның бірі -жастар аса қызығушылық танытатын ең үздік 100 кітапты іріктеп алып, оларды мемлекеттік тілге аудару. Елбасы соңғы Жолдауында осындай бастама көтерген еді.

«Қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес, өзге тілдегі жүз кітапты іріктеп аламыз. Әлеуметтік желілерде жастар арасында сауалнама жүргізіп, сол арқылы жастар арасында танымал кітаптарды анықтаймыз. Мұнымен қатар науқан шеңберінде түрлі республикалық байқаулар, «Абай жолы» телеолимпиадасын өткізу ойымызда бар. Облыстық деңгейде үздік кітап оқитындар жобасын бастауды да көздеп отырмыз», - деді Б.Нарымбет.

«Кел, жастар, оқылық!» республикалық акциясы мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.

Айымгүл Әбілев

Ұқсас материалдар