Қандастар Ассамблея

Қызылорда облысының екі аулында күн батареялары орнатылады

12.01.2013 2724
Арал ауданының Атаншы және Мойнақ ауылдарында халыққа электр қуатын беру үшін күн батареялары орнатылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Сержан Нәметша мәлімдеді.  «Бұл ауыл тіршілігінде күн батареялары сында қуат көздерін пайдаланудың ілкі жобасы. Ол 41 мың АҚШ доллары – Кувейт грантының арқасында жүзеге асырылып отыр. Өңірде шалғай жатқан шағын елді мекендердің көп екенін және алдағы уақытта өңірде мал шаруашылығын амыту аясында ірі жайылым аумақтарын игеру жоспарланып отырғанын ескерсек, қуаттың шағын балама көздерін пайдалудың біз үшін бағасы жоғары. Егер Атаншы мен Мойнақтағы жобалар сәтті шығып, өзін-өзі ақтаса, онда біз батареяларды өзге ауылдарда қолданатын боламыз», – деп жоспарларымен бөлісті Сержан Нәметша. Облыстық басқарма бастығы атап өткендей, өңірдің халыққа электр жарығын беру үшін жел қуатын қолдану тәжірибесі бар. 2011 жылы Қазалы ауданының Ажар аулында жел дизельді қондырғыға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын және қазір ол жұмыс істеп тұр, Ажар жарықпен қамтамасыз етілген.  BNews.kz

Арал ауданының Атаншы және Мойнақ ауылдарында халыққа электр қуатын беру үшін күн батареялары орнатылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Сержан Нәметша мәлімдеді. 

«Бұл ауыл тіршілігінде күн батареялары сында қуат көздерін пайдаланудың ілкі жобасы. Ол 41 мың АҚШ доллары – Кувейт грантының арқасында жүзеге асырылып отыр. Өңірде шалғай жатқан шағын елді мекендердің көп екенін және алдағы уақытта өңірде мал шаруашылығын амыту аясында ірі жайылым аумақтарын игеру жоспарланып отырғанын ескерсек, қуаттың шағын балама көздерін пайдалудың біз үшін бағасы жоғары. Егер Атаншы мен Мойнақтағы жобалар сәтті шығып, өзін-өзі ақтаса, онда біз батареяларды өзге ауылдарда қолданатын боламыз», – деп жоспарларымен бөлісті Сержан Нәметша.

Облыстық басқарма бастығы атап өткендей, өңірдің халыққа электр жарығын беру үшін жел қуатын қолдану тәжірибесі бар. 2011 жылы Қазалы ауданының Ажар аулында жел дизельді қондырғыға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын және қазір ол жұмыс істеп тұр, Ажар жарықпен қамтамасыз етілген. 

BNews.kz

Ұқсас материалдар