Қандастар Ассамблея

Қазақстандық даму үлгісін бүгінгі қарқынмен одан әрі жалғастырсақ, ұлтымыз дүниежүзілік бәсекеге қаб

11.01.2013 1779
Еліміздің алдағы жаңа даму бағытын жаңаша тұрғыда белгілеп берген Елбасымыздың Жолдауын солтүстікқазақстандықтар да тарихи маңызды тарихи құжат ретінде қабылдап отыр. Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2030» стратегиясы табысты орындалғанын баяндай келіп, ендігі міндет бәсекеге қабілетті 30 елдің санатына қосылу екенін дәйектеп берді. СҚО кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Жамал Ахметова BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.   «Жасыратыны жоқ, әлемдегі экономикалық тұрақсыздық адамзатты әлі де қатты алаңдатады. Әсіресе, қаржылық дағдарыстың жаңа толқынынан көңілдегі үрей басылар емес. Осындай сын сәтте «Қазақстан – 2050» Стратегиясының жариялануы, онда еліміздің ұзақ мерзімді дамуы айқындалумен қатар жаһандық проблемалар мен сын-қатерлердің аталып, шешу жолдарының ұсынылуы өте құнды екені даусыз», - деп атап өтті Ж.Ахметова. Оның айтуынша, қазақстандық даму үлгісін бүгінгі қарқынмен одан әрі жалғастырсақ, ұлтымыз дүниежүзілік тайталасқа қабілетті болады деген сөз. Оған ішкі мүмкіндіктер де, игерілмеген резервтер де мол. «Мәселен, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2015 жылға қарай екі есеге, 2040 жылға қарай үш есеге ұлғайтылуы тиіс, бұл орайда, Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы атап көрсетілді. Бұған қауқарымыз толық жетеді. Оған еліміз бойынша жетекші инновациялық кластерлердің қолға алынуы дәлел бола алады», - деген пікірде облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы. Ол Жолдауда әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік мәселелерінің арнайы қозғалып, жаңа қағидаларының тұжырымдалуы өте құптарлық екенін айтады. «Мұның өзі қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экономика мен бюджеттің өсіміне де кең жол ашары сөзсіз». «Кедейшілікті болдырмау, әлеуметтік қолдауды тек мұқтаж топтарға ғана көрсету, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ана мен баланы қорғау жайын мемлекет бұдан былай да басты назарда ұстайтын болады», - деп түйіндеді Жамал Ахметова. Айымгүл Әбілева

Еліміздің алдағы жаңа даму бағытын жаңаша тұрғыда белгілеп берген Елбасымыздың Жолдауын солтүстікқазақстандықтар да тарихи маңызды тарихи құжат ретінде қабылдап отыр. Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2030» стратегиясы табысты орындалғанын баяндай келіп, ендігі міндет бәсекеге қабілетті 30 елдің санатына қосылу екенін дәйектеп берді. СҚО кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Жамал Ахметова BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.  

«Жасыратыны жоқ, әлемдегі экономикалық тұрақсыздық адамзатты әлі де қатты алаңдатады. Әсіресе, қаржылық дағдарыстың жаңа толқынынан көңілдегі үрей басылар емес. Осындай сын сәтте «Қазақстан – 2050» Стратегиясының жариялануы, онда еліміздің ұзақ мерзімді дамуы айқындалумен қатар жаһандық проблемалар мен сын-қатерлердің аталып, шешу жолдарының ұсынылуы өте құнды екені даусыз», - деп атап өтті Ж.Ахметова.

Оның айтуынша, қазақстандық даму үлгісін бүгінгі қарқынмен одан әрі жалғастырсақ, ұлтымыз дүниежүзілік тайталасқа қабілетті болады деген сөз. Оған ішкі мүмкіндіктер де, игерілмеген резервтер де мол.

«Мәселен, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2015 жылға қарай екі есеге, 2040 жылға қарай үш есеге ұлғайтылуы тиіс, бұл орайда, Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы атап көрсетілді. Бұған қауқарымыз толық жетеді. Оған еліміз бойынша жетекші инновациялық кластерлердің қолға алынуы дәлел бола алады», - деген пікірде облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы.

Ол Жолдауда әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік мәселелерінің арнайы қозғалып, жаңа қағидаларының тұжырымдалуы өте құптарлық екенін айтады. «Мұның өзі қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экономика мен бюджеттің өсіміне де кең жол ашары сөзсіз».

«Кедейшілікті болдырмау, әлеуметтік қолдауды тек мұқтаж топтарға ғана көрсету, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ана мен баланы қорғау жайын мемлекет бұдан былай да басты назарда ұстайтын болады», - деп түйіндеді Жамал Ахметова.

Айымгүл Әбілева

Ұқсас материалдар