Қандастар Ассамблея

Қазақша телесериал жарық көрді

09.01.2013 3932
Белгілі қазақ режиссері Ақан Сатаев қазақ тіліндегі «Тағдыр» телесериалына демеушілік жасады. Жаңа туынды ертең, 10 қаңтардан бастап «Астана» арнасында көрсетіле бастайтын болады, деп хабарлады Tengrinews.kz. Киноның атауы айтып тұрғандай, шығарма адам өмірінің шырғалаңы мол тағдар талқысын жан-жақты ашып көрсетуге арналған. 1992 жылы елге сыйлы азаматтың жұбайы толғақ үстінде жан тәсілім еткен. Жаңа туған Жұлдыз есімді нәрестені дәрігердің келіншегі емізеді, кейін ол да құпия жағдайда қаза табады. Міне, осы шым-шытырық оқиғалардың шырмауы мен шешім табуы көрерменді баурап алары сөзсіз. Кинотаспа 20 сериядан тұрады. Мамандар сериялдан өте үлкен үміт күтіп отыр. Оны түсіруге Қазақстандағы ең танымал SATAIFILM студиясы шақырылған. Режиссері Айдын Сахаман. Басты рөльде Шамшагүл Меңдиярова, Алдабек Шалбаев, Дулыға Ақмолда, Раушан Байзақова, Зарина Кәрменова, Жанел Мақажанова, Асхат Тишыбаев және Еркебұлан Дайыров.   Baq.kz  

Белгілі қазақ режиссері Ақан Сатаев қазақ тіліндегі «Тағдыр» телесериалына демеушілік жасады. Жаңа туынды ертең, 10 қаңтардан бастап «Астана» арнасында көрсетіле бастайтын болады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Киноның атауы айтып тұрғандай, шығарма адам өмірінің шырғалаңы мол тағдар талқысын жан-жақты ашып көрсетуге арналған. 1992 жылы елге сыйлы азаматтың жұбайы толғақ үстінде жан тәсілім еткен. Жаңа туған Жұлдыз есімді нәрестені дәрігердің келіншегі емізеді, кейін ол да құпия жағдайда қаза табады. Міне, осы шым-шытырық оқиғалардың шырмауы мен шешім табуы көрерменді баурап алары сөзсіз.
Кинотаспа 20 сериядан тұрады. Мамандар сериялдан өте үлкен үміт күтіп отыр. Оны түсіруге Қазақстандағы ең танымал SATAIFILM студиясы шақырылған. Режиссері Айдын Сахаман. Басты рөльде Шамшагүл Меңдиярова, Алдабек Шалбаев, Дулыға Ақмолда, Раушан Байзақова, Зарина Кәрменова, Жанел Мақажанова, Асхат Тишыбаев және Еркебұлан Дайыров.

 

Baq.kz

 

Ұқсас материалдар