Қандастар Ассамблея

2012 жылы әкім блогына білім саласына қатысты 930 хат түсті

09.01.2013 1837
2012 жылдың ішінде Астана қаласы әкімінің  интернет-блогына білім беру саласына қатысты  930 сұрақ пен хат  келіп түсті. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда  (1372)  33%-ға  аз. Бұл туралы  astana.kz  сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті. «Аталған факті, бәрінен бұрын қаланың педагогикалық ұжымдарында ақпараттық-түсінік  жұмыстарының  жолға  қойылғанын  және  ата-аналармен, жалпы жұртшылықпен қордаланған мәселелерді қаланың БАҚ-тары арқылы уақытында шешіп отыруының нәтижесі. Сондай-ақ,  келген сауалдарға Астана қаласының ресми сайты – astana.kz» арқылы қысқа мерзімде жауап берілуінің де оң әсері болды, - делінген хабарламада. Басқарманың мәліметі бойынша,  келіп түскен хаттардың көпшілігі балабақшалардағы  кезекке, ата-аналардың мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптардың  қатаң сақталуын қадағалауға байланысты болған.  Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептердегі  қажеттілік үшін деген желеумен заңсыз ақша жинауға қатысты да шағымдар аз емес. Көптеген ата-аналарды қала мектептеріндегі оқулықпен қамту мәселесі де жиі толағандырады.  Астана қаласының ресми сайты astana.kz

2012 жылдың ішінде Астана қаласы әкімінің  интернет-блогына білім беру саласына қатысты  930 сұрақ пен хат  келіп түсті. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда  (1372)  33%-ға  аз. Бұл туралы  astana.kz  сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті. «Аталған факті, бәрінен бұрын қаланың педагогикалық ұжымдарында ақпараттық-түсінік  жұмыстарының  жолға  қойылғанын  және  ата-аналармен, жалпы жұртшылықпен қордаланған мәселелерді қаланың БАҚ-тары арқылы уақытында шешіп отыруының нәтижесі.

Сондай-ақ,  келген сауалдарға Астана қаласының ресми сайты – astana.kz» арқылы қысқа мерзімде жауап берілуінің де оң әсері болды, - делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметі бойынша,  келіп түскен хаттардың көпшілігі балабақшалардағы  кезекке, ата-аналардың мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптардың  қатаң сақталуын қадағалауға байланысты болған.  Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептердегі  қажеттілік үшін деген желеумен заңсыз ақша жинауға қатысты да шағымдар аз емес. Көптеген ата-аналарды қала мектептеріндегі оқулықпен қамту мәселесі де жиі толағандырады. 

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар