Қандастар Ассамблея

Бүгін Жер шарына жүзжылдықтағы ең қауіпті астероид жақындайды

09.01.2013 2148
Ғарышта Жер шару үшін ең негізгі қауіп саналатын Apophis астероиды бүгін біздің ғаламшарға шамамен он төрт жарым миллион километр арақашықтыққа дейін жақындай түседі, деп жазады Вести.ru. Жер жүзі көлемімен есептегенде, бұл арақашықтық соншалықты көп те емес. Ал 2029 жылы, ғалымдардың есептеулеріне сәйкес, Apophis ғаламшарымыздың жанынан бар-жоғы 36 км қашықтықта ұшып өтпек, яғни геостационарлық спутниктер орбитасының биіктігі деңгейінде ғана. Астероидқа жер астын мекен еткен және Күнді құртуды армандайтын ежелгі египеттік бүлікшіл құдайдың есімі берілген. Негізінен астероид пен Жердің соқтығысуының бірнеше сценарийі бар. Сондықтан әлдеқайда нақты есептеулерге қол жеткізу үшін аспан жиһангезіне автоматтандырылған зерттеу стансасын жөнелту жоспарланған болатын. Әзірге ол астероидты тек телескоптың көмегімен бақылау мүмкін болып отыр. BNews.kz

Ғарышта Жер шару үшін ең негізгі қауіп саналатын Apophis астероиды бүгін біздің ғаламшарға шамамен он төрт жарым миллион километр арақашықтыққа дейін жақындай түседі, деп жазады Вести.ru.

Жер жүзі көлемімен есептегенде, бұл арақашықтық соншалықты көп те емес. Ал 2029 жылы, ғалымдардың есептеулеріне сәйкес, Apophis ғаламшарымыздың жанынан бар-жоғы 36 км қашықтықта ұшып өтпек, яғни геостационарлық спутниктер орбитасының биіктігі деңгейінде ғана.

Астероидқа жер астын мекен еткен және Күнді құртуды армандайтын ежелгі египеттік бүлікшіл құдайдың есімі берілген. Негізінен астероид пен Жердің соқтығысуының бірнеше сценарийі бар. Сондықтан әлдеқайда нақты есептеулерге қол жеткізу үшін аспан жиһангезіне автоматтандырылған зерттеу стансасын жөнелту жоспарланған болатын. Әзірге ол астероидты тек телескоптың көмегімен бақылау мүмкін болып отыр.

BNews.kz

Ұқсас материалдар