Қандастар Ассамблея

Алаш жолы

08.01.2013 3023
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы саясатында ұлттық мемлекеттілікті нығайту басты басымдықтардың бірі болып отыр.Ол үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алу орынды. XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. «Олар өз кызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалылығын сақтау, сонымен бірге, оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шындау деп санаған», - деп көрсетеді Н.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.Ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов,М. Дулатов.Ә. Ермеков, X. Ғаббасов,А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов. Ж. Досмұхамедов, т.б қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі, ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. Қазақ халқының көшбасшысы болған зиялылар жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, жаңа жағдайдағы саяси күрес жолына шықты. 1917 жылғы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында қазақтардың I съезі өтті. Съезге 800-ден астам делегат қатысты.Ж. Досмұхамедов басшылық еткен бұл өкілетті жиын қазақ жұрты көптеп тұратын алқапты басқарудың жүйесін анықтады, қазақ зиялылары ескі мемлекеттік аппараттың жергілікті органдарын түгел жоюды белгілеп, ауылды, болысты, уезді және уалаятты басқарудың тиісті өкімет және атқарушы органдары туралы 100 баптан тұратын уақытша Ереже қабылдады. Таң қалдыратыны –жергілікті өкімет пен басқару органдарының барлық салаларының құрылымы мен міндеттерін жан-жақты анықтап, теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да шешуге мүмкіндіктерінің жеткілікті екендігін көрсетті. Мысалы, күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді: Бүкілроссиялық мемлекет құрылысы; Қазақ облыстарының автономиясы; Жер мәселесі; Милиция құру; Земство; Халык ағарту ісі; Сот туралы; Дін жөнінде; Әйел теңдігі. Бүкіроссиялық құрылтайға әзірлік халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу жоспарланды. Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік /ремеслендік/ мектептің үйіне орналастыру белгіленді, қазақ тілінде газет, кітапшалар шығару шаралары жүзеге асырылуы туралы айтылды. Кезінде Жаһанша:«Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады»,– деді. Әттең, Алаш арыстары түгелдей атылып, қуғындалып бұл мақсаттарына толық жете алмай кетті. Бірақ, жаңа заманға лайық қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалаған осы азаматтар еді. Ғасырдан астам уақыт бұрын басталған идеяның қазір жалғасын жалғайтын бүгінгі ұрпақтар. Кезінде Алаштықтар «Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз - біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз, Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ жасап, араздасуға жол бермеуіміз керек, өйткені, ғасырлар бойы олардың тағдыры тығыз байланысты болды» деген еді. Алаш партиясының желбіреген жасыл туы, кезінде бостандықтың символы ретінде халықты бірлікке, туысқандыққа шақырды. Сол кезде береке-бірлік әперетін әділдікті аңсаған алаштықтар елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндерге елді басқартты.Жаһаншаның сол кезде сөйлеген сөздерінен біз бүгінгі тәуелсіз елдігімізді аңсағанын, соған жетудің жолдарын бір ғасырдай бұрын сезініп, бағытын белгілегенін және ауызбірлікке, тұтастыққа елді шакырғанын көреміз. Халықты ұлтаралық бірлікке үндеді. Baq.kz

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы саясатында ұлттық мемлекеттілікті нығайту басты басымдықтардың бірі болып отыр.Ол үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алу орынды.

XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. «Олар өз кызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалылығын сақтау, сонымен бірге, оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шындау деп санаған», - деп көрсетеді Н.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.Ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов,М. Дулатов.Ә. Ермеков, X. Ғаббасов,А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов. Ж. Досмұхамедов, т.б қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі, ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. Қазақ халқының көшбасшысы болған зиялылар жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, жаңа жағдайдағы саяси күрес жолына шықты.
1917 жылғы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында қазақтардың I съезі өтті. Съезге 800-ден астам делегат қатысты.Ж. Досмұхамедов басшылық еткен бұл өкілетті жиын қазақ жұрты көптеп тұратын алқапты басқарудың жүйесін анықтады, қазақ зиялылары ескі мемлекеттік аппараттың жергілікті органдарын түгел жоюды белгілеп, ауылды, болысты, уезді және уалаятты басқарудың тиісті өкімет және атқарушы органдары туралы 100 баптан тұратын уақытша Ереже қабылдады. Таң қалдыратыны –жергілікті өкімет пен басқару органдарының барлық салаларының құрылымы мен міндеттерін жан-жақты анықтап, теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да шешуге мүмкіндіктерінің жеткілікті екендігін көрсетті. Мысалы, күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді: Бүкілроссиялық мемлекет құрылысы; Қазақ облыстарының автономиясы; Жер мәселесі; Милиция құру; Земство; Халык ағарту ісі; Сот туралы; Дін жөнінде; Әйел теңдігі. Бүкіроссиялық құрылтайға әзірлік халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу жоспарланды. Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік /ремеслендік/ мектептің үйіне орналастыру белгіленді, қазақ тілінде газет, кітапшалар шығару шаралары жүзеге асырылуы туралы айтылды.
Кезінде Жаһанша:«Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады»,– деді. Әттең, Алаш арыстары түгелдей атылып, қуғындалып бұл мақсаттарына толық жете алмай кетті. Бірақ, жаңа заманға лайық қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалаған осы азаматтар еді. Ғасырдан астам уақыт бұрын басталған идеяның қазір жалғасын жалғайтын бүгінгі ұрпақтар.
Кезінде Алаштықтар «Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз - біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз, Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ жасап, араздасуға жол бермеуіміз керек, өйткені, ғасырлар бойы олардың тағдыры тығыз байланысты болды» деген еді. Алаш партиясының желбіреген жасыл туы, кезінде бостандықтың символы ретінде халықты бірлікке, туысқандыққа шақырды. Сол кезде береке-бірлік әперетін әділдікті аңсаған алаштықтар елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндерге елді басқартты.Жаһаншаның сол кезде сөйлеген сөздерінен біз бүгінгі тәуелсіз елдігімізді аңсағанын, соған жетудің жолдарын бір ғасырдай бұрын сезініп, бағытын белгілегенін және ауызбірлікке, тұтастыққа елді шакырғанын көреміз. Халықты ұлтаралық бірлікке үндеді.

Baq.kz

Ұқсас материалдар