Қандастар Ассамблея

"Алтын доп" төртінші рет қатарынан Мессиге бұйырды

08.01.2013 1852
Аргентина құрамасы мен каталондық «Барселона» командасының шабуылшысы Лионел Месси 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доптың» иегері атанды.  Ұлттық құрамалдың бас бапкері, капитаны және белді тілшілерінің арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша 25-жасар ойыншы өзінің командаласы Андрес Иньеста мен «Реал» командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан озды. 2012 жылы Месси «Барселонамен» бірге Испания кубогын жеңді. Сонымен қатар 91 нәтижелі соққысымен 1972 жылы Герд Мюллер 82 гол соғып орнатқан рекордтың мұртын мұзды. Футбол тарихын парақтасаңыз «Алтын допты» үш рет жеңген Марко ван Бастен, Йохан Кройф және Мишель Платини сынды атақты ойыншыларды табасыздар. Ал Месси тарихқа тағы да бір өзгеріс алып келді. Ол «Алтын допты» төрт рет жеңген алғашқы футболшы болып тіркелді. BAQ.kz

Аргентина құрамасы мен каталондық «Барселона» командасының шабуылшысы Лионел Месси 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доптың» иегері атанды. 

Ұлттық құрамалдың бас бапкері, капитаны және белді тілшілерінің арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша 25-жасар ойыншы өзінің командаласы Андрес Иньеста мен «Реал» командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан озды. 2012 жылы Месси «Барселонамен» бірге Испания кубогын жеңді. Сонымен қатар 91 нәтижелі соққысымен 1972 жылы Герд Мюллер 82 гол соғып орнатқан рекордтың мұртын мұзды. Футбол тарихын парақтасаңыз «Алтын допты» үш рет жеңген Марко ван Бастен, Йохан Кройф және Мишель Платини сынды атақты ойыншыларды табасыздар. Ал Месси тарихқа тағы да бір өзгеріс алып келді. Ол «Алтын допты» төрт рет жеңген алғашқы футболшы болып тіркелді.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар