Қандастар Ассамблея

Шымкент көрмесіндегі ең қымбат көбелек 6 мың теңге тұрады

06.01.2013 2747
Шымкентте көбелектер көрмесі ашылды. Бұл қарапайым емес, тропикалық көбелектер көрмесі. Көрмеге павлодарлық коллекция жинаушылар қатысты. Бұл көбелектер Қазақстанның көптеген жерлерін аралап үлгерген. Ал Шымкенттегі көрме 17 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлады «Отырар» газеті. «Көбелектер осындай қыстың суығында Шымкент тұрғындары үшін жақсы сыйлық болды. Тірі тропикалық көбелектер көрмесі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтіп жатыр. 3 қаңтардан бастап қала тұрғындары көбелектерді көріп, олардың әдемілігіне тамсануда», - делінген ақпаратта. Көбелектердің тұрқы 10-20 сантиметрге дейін жетеді, ал жәндіктің ең қымбаты 6 мың теңге тұрады.

Шымкентте көбелектер көрмесі ашылды. Бұл қарапайым емес, тропикалық көбелектер көрмесі. Көрмеге павлодарлық коллекция жинаушылар қатысты. Бұл көбелектер Қазақстанның көптеген жерлерін аралап үлгерген. Ал Шымкенттегі көрме 17 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлады «Отырар» газеті.

«Көбелектер осындай қыстың суығында Шымкент тұрғындары үшін жақсы сыйлық болды. Тірі тропикалық көбелектер көрмесі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтіп жатыр. 3 қаңтардан бастап қала тұрғындары көбелектерді көріп, олардың әдемілігіне тамсануда», - делінген ақпаратта.

Көбелектердің тұрқы 10-20 сантиметрге дейін жетеді, ал жәндіктің ең қымбаты 6 мың теңге тұрады.

Ұқсас материалдар