Қандастар Ассамблея

«Астана» командасы Africa Eco Race раллидің төртінші кезеңінен сәтті өтті

02.01.2013 1690
1 қаңтар күні Africa Eco Race халықаралық жарысының төртінші кезеңі аяқталды. Командалар Уэт-Драадан Гвират Ларьямға дейін 451 шақырымды еңсеру керек болатын. Төртінші күннің қорытындысы бойынша Қанат Шағыровтың басқаруындағы 214-нөмірлі экипаж өз дәрежесінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды Astana Racing Team-ның баспасөз қызметі.  Баспасөз қызметінде атап өткендей, Қанат Шағыров пен Александр Мороздың экипажы 343 шақырымдағы арнайы учаскені 4 сағат 42 минут 44 секундта жүріп өтіп, жалпы есепте 21-орынды және Т2 дәрежесінде 1-орынды иеленді. Өкінішке қарай, Юрий Сазонов пен Арыслан Сахимовтың басқаруындағы 226-нөмірлі экипаж Bowler көлігіндегі техникалық ақауларға байланысты жарыстың төртінші кезеңіне қатыса алмады. Жалпы есепте бұрынғыдай Жан-Луи Шлесер мен Сирил Эскироль көш бастап тұр. Бүгін командалар Вади Хармадан Дахлуға дейін 689 шақырып жүріп өтуі керек. www.bnews.kz

1 қаңтар күні Africa Eco Race халықаралық жарысының төртінші кезеңі аяқталды. Командалар Уэт-Драадан Гвират Ларьямға дейін 451 шақырымды еңсеру керек болатын. Төртінші күннің қорытындысы бойынша Қанат Шағыровтың басқаруындағы 214-нөмірлі экипаж өз дәрежесінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды Astana Racing Team-ның баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінде атап өткендей, Қанат Шағыров пен Александр Мороздың экипажы 343 шақырымдағы арнайы учаскені 4 сағат 42 минут 44 секундта жүріп өтіп, жалпы есепте 21-орынды және Т2 дәрежесінде 1-орынды иеленді.

Өкінішке қарай, Юрий Сазонов пен Арыслан Сахимовтың басқаруындағы 226-нөмірлі экипаж Bowler көлігіндегі техникалық ақауларға байланысты жарыстың төртінші кезеңіне қатыса алмады.

Жалпы есепте бұрынғыдай Жан-Луи Шлесер мен Сирил Эскироль көш бастап тұр.

Бүгін командалар Вади Хармадан Дахлуға дейін 689 шақырып жүріп өтуі керек.

www.bnews.kz

Ұқсас материалдар