Қандастар Ассамблея

Ярослава Шведова Оклендте екінші айналымға шықты

02.01.2013 1870
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Окландта (Жаңа Зеландия) өтіп жатқан WTA ASB Classic-2013 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады www.vesti.kz. Бірінші айналымның матчында 25 жастағы қазақстандық испандық теннисші Лара Арруабаррена-Веcинодан 6:3 есебімен басым түсті. Айта кетейік, Шведова әлемнің 29-ыншы ракеткасы, ал испандық қыз WTA рейтингінің 79-ыншы орнында. Турнирдің алтыншы ракеткасы болып табылатын Шведова келесі айналымда Канада спортшысы Юджини Бушарды 7:5, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Елена Веснинамен кездеседі. Еске салайық, турнирдің бірінші айналымында Қазақстанның екінші өкілі - Галина Воскобоева жарысын аяқтады. baq.kz

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Окландта (Жаңа Зеландия) өтіп жатқан WTA ASB Classic-2013 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады www.vesti.kz.

Бірінші айналымның матчында 25 жастағы қазақстандық испандық теннисші Лара Арруабаррена-Веcинодан 6:3 есебімен басым түсті. Айта кетейік, Шведова әлемнің 29-ыншы ракеткасы, ал испандық қыз WTA рейтингінің 79-ыншы орнында.

Турнирдің алтыншы ракеткасы болып табылатын Шведова келесі айналымда Канада спортшысы Юджини Бушарды 7:5, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Елена Веснинамен кездеседі.

Еске салайық, турнирдің бірінші айналымында Қазақстанның екінші өкілі - Галина Воскобоева жарысын аяқтады.

baq.kz

Ұқсас материалдар