Қандастар Ассамблея

Астаналықтар жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда

29.12.2012 2289
Жылына бір келетін ең көңілді мереке  жақындаған сайын  елорда тұрғындарының да көңіл күйлері  көтерілуде. Жаңа жылға әзірлік қарбаласы сәтіндегі кезеңде  astana.kz  сайты елордалықтарға 3 сауал қойған еді: Сіз жаңа жылды қайда қарсы аласыз? Мерекелік дастарқанға  қандай  тағамдар дайындайсыз?  Жақын адамдарыңызға қандай сыйлықтар сыйлайсыз? – деген бағытта. Қалалықтардың көпшілігі  (51 %)  мерекені жақындары мен туыстарының ортасында өткізгісі келеді. 15%-ға тартасы қонаққа барғанды ұнатады.  Ал,  9%-ы достарымен бірге жаңа жылды мейрамханалар  мен  дәмханаларда қарсы алмақшы.  Мерекеге санаулы күндер қалса да, қалалықтардың бірқатары мейрамды қайда қарсы алатындығын әлі  нақты анықтамаған да сияқты. Сонымен қатар сауал салғандардың  бір бөлігі жаңа жылды жұмыс орындарында қарсы алатын көрінеді.   Мерекелік дастарқанға  елордалықтардың  түгелге  жуығы,  32 %-ы  оливье салаты мен манты дайындайды.   24 %-ы – тауықтың  етінен ыстық тағамдар әзірлеп,  7 %-ы  ас мәзіріне  мейрамханада тапсырыс бергенді қалайды.  Сауал салғандардың  36 %-ы  достары  мен  жақындарына қадесый сыйласа, 27 %-ы – парфюмерия мен  косметика, ал  15 %-ы – тұрмыстық техника мен ыдыс-аяқ сыйлағысы келеді. Астана қаласы әкімінің  astana.kz  ресми сайты да елорда тұрғындары  мен қонақтарын  келе жатқан 2013 – жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, баянды бақыт, сәттіліктер тілейді!   Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Жылына бір келетін ең көңілді мереке  жақындаған сайын  елорда тұрғындарының да көңіл күйлері  көтерілуде. Жаңа жылға әзірлік қарбаласы сәтіндегі кезеңде  astana.kz  сайты елордалықтарға 3 сауал қойған еді: Сіз жаңа жылды қайда қарсы аласыз? Мерекелік дастарқанға  қандай  тағамдар дайындайсыз?  Жақын адамдарыңызға қандай сыйлықтар сыйлайсыз? – деген бағытта.

Қалалықтардың көпшілігі  (51 %)  мерекені жақындары мен туыстарының ортасында өткізгісі келеді. 15%-ға тартасы қонаққа барғанды ұнатады.  Ал,  9%-ы достарымен бірге жаңа жылды мейрамханалар  мен  дәмханаларда қарсы алмақшы.  Мерекеге санаулы күндер қалса да, қалалықтардың бірқатары мейрамды қайда қарсы алатындығын әлі  нақты анықтамаған да сияқты. Сонымен қатар сауал салғандардың  бір бөлігі жаңа жылды жұмыс орындарында қарсы алатын көрінеді.  

Мерекелік дастарқанға  елордалықтардың  түгелге  жуығы,  32 %-ы  оливье салаты мен манты дайындайды.   24 %-ы – тауықтың  етінен ыстық тағамдар әзірлеп,  7 %-ы  ас мәзіріне  мейрамханада тапсырыс бергенді қалайды. 

Сауал салғандардың  36 %-ы  достары  мен  жақындарына қадесый сыйласа, 27 %-ы – парфюмерия мен  косметика, ал  15 %-ы – тұрмыстық техника мен ыдыс-аяқ сыйлағысы келеді.

Астана қаласы әкімінің  astana.kz  ресми сайты да елорда тұрғындары  мен қонақтарын  келе жатқан 2013 – жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, баянды бақыт, сәттіліктер тілейді!  

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар