Қандастар Ассамблея

Қазақстандық балалар Аяз Атадан сыйға смартфондар мен ноутбуктер сұрады

28.12.2012 2048
Қазақстандық балалар Аяз Атадан сыйға смартфондар мен ноутбуктер сұрады, деп хабарлады BNews.kz тілшісі Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне сілтеме жасай отырып. Жыл сайын Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне оңтүстік астананың кішкентай тұрғындарынан Аяз Атаға арналған ондаған хат түседі. «Біз келіп түскен хаттарды лақтыруға құқымыз жоқ. Балалар сыйлықтарды үлкен үмітпен күтеді. Біз бүлдіршіндерді міндетті түрде құттықтаймыз», - деді орталық операция учаскесінің бастығы Зульфира Аюпова. Оның айтуынша, қазіргі балалардың сұранысы қарапайым ойыншықтармен, қуыршақтармен шектелмейді. Жаңа ақпарат заманының балалары Аяз Атадан смартфондар мен заманауи гаджеттер сұрайды. «Қазір 21 ғасыр. Балалар ноутбук, компьютер, iPad, iPhone және смартфон сұрайды. Кішкентайлардың қалағандары осы», - деп түсуіндірді З.Аюпова. Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің қызметкерлері Аяз Атаның атынан балаларға ұзақ күттірген сыйлықтарын  тапсырды. Ал бұлдіршіндер болса, өлеңдері мен тақпақтарын орындады.

Қазақстандық балалар Аяз Атадан сыйға смартфондар мен ноутбуктер сұрады, деп хабарлады BNews.kz тілшісі Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне сілтеме жасай отырып. Жыл сайын Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне оңтүстік астананың кішкентай тұрғындарынан Аяз Атаға арналған ондаған хат түседі. «Біз келіп түскен хаттарды лақтыруға құқымыз жоқ. Балалар сыйлықтарды үлкен үмітпен күтеді. Біз бүлдіршіндерді міндетті түрде құттықтаймыз», - деді орталық операция учаскесінің бастығы Зульфира Аюпова.

Оның айтуынша, қазіргі балалардың сұранысы қарапайым ойыншықтармен, қуыршақтармен шектелмейді. Жаңа ақпарат заманының балалары Аяз Атадан смартфондар мен заманауи гаджеттер сұрайды.

«Қазір 21 ғасыр. Балалар ноутбук, компьютер, iPad, iPhone және смартфон сұрайды. Кішкентайлардың қалағандары осы», - деп түсуіндірді З.Аюпова.

Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің қызметкерлері Аяз Атаның атынан балаларға ұзақ күттірген сыйлықтарын  тапсырды. Ал бұлдіршіндер болса, өлеңдері мен тақпақтарын орындады.

Ұқсас материалдар