Қандастар Ассамблея

Мемлекеттің жастарға бей-жай қарамайтынына көзіміз жетіп отыр – ақын Сара Тоқтамысова

28.12.2012 2353
Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемісті жұмыстары, шығармашылық пен өз саласында алған асулары үшін берілетін «Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығын биыл «Халық шығармашылығы» аталымы бойынша белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова иеленді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  Агенттік тілшісімен сұхбаттасқан ақын аруымыз мемлекеттік сыйлық иесі ретіндегі көңіл-күйімен бөлісті. «Өзім ерекше қуанып тұрмын. Мен «Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша, яғни айтыс өнері бойынша көзге көрінгенім үшін осы сыйлықты иемдендім. Айтыс – қазақтың ұлттық өнері. Ұлттық өнеріміз насихатталып жатса, басқа өнерлерден қалмай жатса, біз үшін ол зор мақтаныш, үлкен жеңіс деп білемін. Бұл сыйлық ары қарай қанат бітіріп, шабытыңды ұштастыра түсіп, шығармашылыққа шақырады екен. Алдында «Дарын» сыйлығының иегері атандыңыз деп хабарласқанда, бұндай сезімде болған жоқ едім. Ал бүгін 500 адамның ішінен 16 жас іріктеліп алынды дегенде, өзгеше күйде болдым. Жалпы, мемлекет жастарға бей-жай қарамайтынына, жастардың еңбегі еленіп жатқанына көзіміз жетіп отыр. Қазақстанда жігерлі де дарынды жастар көбейе берсін деген тілек айтқым келеді», - деді Сара Тоқтамысова. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада биылғы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегерлерін марапттау салтанаты өтті. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемісті жұмыстары, шығармашылық пен өз саласында алған асулары үшін берілетін «Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығын биыл «Халық шығармашылығы» аталымы бойынша белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова иеленді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Агенттік тілшісімен сұхбаттасқан ақын аруымыз мемлекеттік сыйлық иесі ретіндегі көңіл-күйімен бөлісті.

«Өзім ерекше қуанып тұрмын. Мен «Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша, яғни айтыс өнері бойынша көзге көрінгенім үшін осы сыйлықты иемдендім. Айтыс – қазақтың ұлттық өнері. Ұлттық өнеріміз насихатталып жатса, басқа өнерлерден қалмай жатса, біз үшін ол зор мақтаныш, үлкен жеңіс деп білемін. Бұл сыйлық ары қарай қанат бітіріп, шабытыңды ұштастыра түсіп, шығармашылыққа шақырады екен. Алдында «Дарын» сыйлығының иегері атандыңыз деп хабарласқанда, бұндай сезімде болған жоқ едім. Ал бүгін 500 адамның ішінен 16 жас іріктеліп алынды дегенде, өзгеше күйде болдым. Жалпы, мемлекет жастарға бей-жай қарамайтынына, жастардың еңбегі еленіп жатқанына көзіміз жетіп отыр. Қазақстанда жігерлі де дарынды жастар көбейе берсін деген тілек айтқым келеді», - деді Сара Тоқтамысова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада биылғы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегерлерін марапттау салтанаты өтті.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Ұқсас материалдар