Қандастар Ассамблея

2012 жылғы республикалық "Дарын" жастар сыйлығының иегерлері белгілі болды

28.12.2012 2664
Бүгін мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы тапсырылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Дарын» сыйлығы 1999 жылдан бері 35 жасқа дейінгі әр салада жүрген талантты жастарға беріледі. Мәселен: Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Мейрам Бегентаев, Махат Садық, Ақберен Елгезек, Ринат Кертаев, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев, Кыдырәлі Болманов, Ерболат Құдайбергенов, «Муз АРТ» тобы секілді танымал азаматтар алған.   2012 жылғы «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері төмендегідей: 1. «Спорт» номинациясы бойынша – Серік Сәпиев (Бокстан Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионы); 2. «Ғылым» номинациясы бойынша – Айнагүл Қалиева (Қонаев атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік ЖОО мұғалімі» атағын алған, 40-қа жуық ғылыми еңбегі бар) мен Олжас Қаптағаев (бірнеше ғылыми еңбектер мен монографиялық еңбектің авторы); 3. Журналистика номинациясы бойынша – Нәзира Байырбек («Нұржамал», «Билік – биіктік емес» кітаптарының авторы) Гүлнәзия Әлімгерейқызы (2010 жылдың ең үздік тележүргізушісі атанған); 4. «Театр және кино» номинациясы бойынша – Адай Әбелдинов (Шәкен жұлдыздары-2009 кинофестивалінің жүлдегері) пен Мұхитдин Шынтаев («Ромео және Джульетта», «Қыз-Жібек», «Екі жүрек» қойылымындарында басты рөлдерді сомдаған); 5. «Әдебиет» номинациясы бойынша – Азамат Тасқараұлы («Күзгі дем симфониясы», «... ал, Лондонда түн», «Жел кімді іздейді?» туындыларының авторы) мен Қалқаман Сарин («Арманымның бейнесі», «Жүрек сөзім–Жібек сезім» туындыларының авторы, республикалық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» байқауының жүлдегері); 6. «Эстрада» номинациясы бойынша Нұрбол Балапанов (бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы); 7. «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Жұпар Ғабдуллина (бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы); 8. «Халық өнері» номинациясы бойынша – айтыскер ақын Сара Тоқтамысова (Махамбет Өтемісұлы мен Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына арналған айтыстың жеңімпазы, 2004 жылы Мәскеуде өткен республикалық айтыстың жеңімпазы); 9. «Дизайн және өнертапқыштық» номинациясы бойынша – Бейбіт Әсемқұл (халықаралық байқаулардың жеңімпазы) мен Арнұр Қарымсақов (30-дан астам тарихи картиналары бар); 10. «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша – Әсет Әбдуәлиев («Жастар» сыйлығының «Жылдың ең жас көшбасшысы» номинациясына ие болған) мен Алина Хаматдинова («Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған); BAQ.KZ

Бүгін мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы тапсырылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Дарын» сыйлығы 1999 жылдан бері 35 жасқа дейінгі әр салада жүрген талантты жастарға беріледі. Мәселен: Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Мейрам Бегентаев, Махат Садық, Ақберен Елгезек, Ринат Кертаев, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев, Кыдырәлі Болманов, Ерболат Құдайбергенов, «Муз АРТ» тобы секілді танымал азаматтар алған.  

2012 жылғы «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері төмендегідей:
1. «Спорт» номинациясы бойынша – Серік Сәпиев (Бокстан Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионы);
2. «Ғылым» номинациясы бойынша – Айнагүл Қалиева (Қонаев атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік ЖОО мұғалімі» атағын алған, 40-қа жуық ғылыми еңбегі бар) мен Олжас Қаптағаев (бірнеше ғылыми еңбектер мен монографиялық еңбектің авторы);
3. Журналистика номинациясы бойынша – Нәзира Байырбек («Нұржамал», «Билік – биіктік емес» кітаптарының авторы) Гүлнәзия Әлімгерейқызы (2010 жылдың ең үздік тележүргізушісі атанған);
4. «Театр және кино» номинациясы бойынша – Адай Әбелдинов (Шәкен жұлдыздары-2009 кинофестивалінің жүлдегері) пен Мұхитдин Шынтаев («Ромео және Джульетта», «Қыз-Жібек», «Екі жүрек» қойылымындарында басты рөлдерді сомдаған);
5. «Әдебиет» номинациясы бойынша – Азамат Тасқараұлы («Күзгі дем симфониясы», «... ал, Лондонда түн», «Жел кімді іздейді?» туындыларының авторы) мен Қалқаман Сарин («Арманымның бейнесі», «Жүрек сөзім–Жібек сезім» туындыларының авторы, республикалық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» байқауының жүлдегері);
6. «Эстрада» номинациясы бойынша Нұрбол Балапанов (бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы);
7. «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Жұпар Ғабдуллина (бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы);
8. «Халық өнері» номинациясы бойынша – айтыскер ақын Сара Тоқтамысова (Махамбет Өтемісұлы мен Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына арналған айтыстың жеңімпазы, 2004 жылы Мәскеуде өткен республикалық айтыстың жеңімпазы);
9. «Дизайн және өнертапқыштық» номинациясы бойынша – Бейбіт Әсемқұл (халықаралық байқаулардың жеңімпазы) мен Арнұр Қарымсақов (30-дан астам тарихи картиналары бар);

10. «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша – Әсет Әбдуәлиев («Жастар» сыйлығының «Жылдың ең жас көшбасшысы» номинациясына ие болған) мен Алина Хаматдинова («Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған);

BAQ.KZ

Ұқсас материалдар