Қандастар Ассамблея

Ұлу жылының үздіктері...

28.12.2012 2616
2013 жыл есік қағып тұр. Ұлу жылы қазақ елі үшін берекелі жыл болды. Ал қазақ телевизиясында бірқатар жа­ңа­лықтар орын алды. Биыл тәулік бойы­на ақпарат тарататын «24 kz» телеар­насы мен «Білім» телеарнасы көпшілік көрерменге жол тартты. Кей телеар­налар ел ордасы - Астанадан бой кө­терген медиа орталықтан хабар тарата бастады  Биылғы жылы отандық те­леарналардан бірқатар сапалы һәм қызықты бағдарламалар назарға ұсы­нылып, өз көрерменін тапты. Өткен жылғы дәстүрді жалғап, 2013 жылдың қарсаңында «Айқынның «Дидар ТV» қосымшасы Ұлу жылының үздіктерін анықтады. Сонымен, газетіміздің оқыр­мандары үздіктерді қалай саралады? Биыл отандық телеарналардан бір­қатар ойын-сауықтық, сараптамалық, салмақты бағдарламалар, ток-шоулар һәм телехикаялар көрерменмен қа­уышты. Өзгенің өнімі емес, төл өнімде­рі­міздің саны толықты. Бұл - қазақ көрермендерін қуантарлық басты жаңа­лық болса керек. Жылдағы дәстүрді жалғап, биыл да отандық телеэкран­дар­дың үздіктерін саралауды жөн көрдік. Мақсат - әрбір телеарнаның жақсы­сын айтып, жаманын жасыру. «Үздік ойын-сауықтық бағдарлама» Толассыз шоудан құлақ тұнса да, отан­дық телеарналар шоу-бағдарла­маларға көбірек ден қояды. Себебі рейтингтің негізгі бөлігін шоу-бағдарла­ма­лар қамтиды. Өткен жылы «Ел арна­ның» «Саз әлемі» ұлттық музыкалық бай­қауы Қоян жылының үздік шоу-бағдарла­ма­сы атанып еді. Аталмыш жо­ба биыл кө­рерменге тағы жол тартты. Әйтсе де, «Саз әлемі - 2» көрерменнің көңілін дөп баспаған сыңайлы. Айт­пақ­шы, өт­кен жылы үздіктердің қатарынан көрін­ген «КТК» телеарнасының «Мәс­саған» бағдарламасы биыл жабылып қалды. Қазақ аудиториясын әдемі әзіл­мен бау­раған бағдарламаның орнына «Мамма мия» жобасы эфирге жол тарт­қан еді. Әйткенмен Баян Есентаеваның тағы бір тележобасы көрерменге ұнай қой­маған сыңайлы. Ғұмыры таусылған шоу-бағдарламалардың ішінде «Ел ар­наның» «Шіркін, лайф» бағдарламасы, Ұлттық арнаның «Екі жұлдыз» бағдар­ламасы да бар. Биыл көрерменнің көзайымына ай­налған ойын-сауықтық бағдарламалар аз болған жоқ. Есесіне, «Хабар» арна­сының төл туындысы «Ду-думан» бағ­дарламасы көпшіліктің көңілінен шы­ғыпты. «Ду-думан» - үздік әзіл-сықақ театрларын анықтайтын тұңғыш жоба. «31 арнаның» «Қазақша концерті» де көпшілік көрерменнің көңілін баураса, «Қазақстан» телеарнасының «Жайдар­ман» КВН ойындары жастардың сүйіп көретін бағдарламасына айналды. Сонымен қатар «Елім менің» тележо­басы, «ОРТ Еуразия» телеарнасының «Ду қол шоколад» бағдарламасы да үздіктер қатарына ілікті. «Үздік ток-шоу» Биыл отандық телеарналардан бір­қатар ток-шоулар жарық көрді. Әрине, әр ток-шоудың қамтитын тақырыбы мен көрермендер аудиториясы әрқилы. Ток-шоудың болғаны коғамдық пікірді қалыптастырып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алуға мол мүм­кіндік берді. Биыл «КТК» телеар­насы орыс тіліндегі «Наша правда» ток-шоуы­ның тұсауын кессе, ұлттық ар­на­дан «Айтуға оңай» бағдарламасы кө­рерменге жол тартты. Ал «Хабар» те­ле­ар­насының «Сонымен, солай дейік» бағ­дар­ламасы «Біз» деген жаңа атауға ие болды. Жасыратыны жоқ, ток-шоу­ларға сын тағып, мін айтушылар көп болды биыл. Әйтсе де, бағдарламаны түсіру тобы һәм тележүргізушілер сын­нан дұрыс сабақ алды деген сеніміміз де жоқ емес. Сонымен, көрермендер үшін Ұлт­тық арнаның «Айтуға оңай» тұрмыстық-әлеуметтік ток-шоуы үздік деп тапса, өзекті де өткір проблема көтеретін «Ел арнаның» «Мүмкін емес» бағдарламасы да көпшіліктің көңілінен орын алыпты. «Үздік сараптамалық бағдарлама» Отандық телеарналардан сарапта­малық бағдарламалар әлі де жетіспейді. Халықтың талғамын оятып, саяси тұр­ғыда сауаттандыратын сараптамалық бағдарламалардың саны көп болғаны жақсы. Үздіксіз шоу-бағдарламалар кө­рерменнің сауатын арттырмасы тағы анық. Былтыр көрермен қауым «КТК» телеарнасының «Астарлы ақиқатын» Қоян жылының «үздік сараптамалық бағдарламасы» деп таныған еді. Биыл «Астарлы ақиқаттың» қарқыны бәсең­деген сыңайлы. Бағдарлама ақиқаттың ауылынан алыстап, сәнге, өсек-аяңға ден қойған ба дерсіз, тіпті. Жұрт «Астар­лы ақиқаттан» сауатты сараптама күтеді. Әйткенмен ақиқаттың астарының ор­нына апта бойы «Жаңалықтардан» кө­рінген сюжеттерді ғана тамашалайтын болдық. Есесіне, Ұлттық арнаның «Апта kz», «Хабардың» «Жеті күні» әлі де үздіктер қатарында. Айтпақшы, «КТК» телеар­на­сының «Портрет недели» бағдарламасы да үздіктер қатарын толықтырып отыр. «Үздік жаңалықтар қызметі» Жалпы, телеарна атаулының алғаш­қы мақсаты - көрерменнің көңілін кө­теру емес, халықты дер кезінде ақпа­рат­тандыру. Айта, айта шаршадық, әйтсе де кей телеарналар рейтинг қуып, жаңа­лықтарды түрлі сипатта шығарады. Бұл да көрермен жинаудың тағы бір тәсілі болар. Телеарналардың рейтингтік көр­сеткішіне зер салсақ, «ОРТ Еуразия», «КТК», «31-арнаның» жаңалықтар қыз­метінің үздік екенін аңғарамыз. Осы тұрғыда көрерменнің пікірі рейтингпен тұспа-тұс келеді. Бір айта кетерлігі, биыл «31 арнаның» «Информбюросы» жаңа сипатта көрерменге жол тартты. Танымал журналист Жүсіпбек Қорғас­бек апта жаңалықтарын қорытынды­ласа, «Сөздің шыны керек» айдарында халықтың көкейінде жүрген ащы шын­дықтың беті ашылады. «КТК» телеарна­сының жаңалықтар қызметіне «ха­лықтық» деп айдар тақсақ та болар. Се­бебі қарашаның басына түскен мәселе «КТК» телеарнасының жаңалықтар қызметі арқылы көпшілікке мәлім бо­лады. Биыл елімізде бірқатар елеулі оқи­ғалар орын алды. Жасыратын несі бар, «Арқанкергендегі» дау, Іле Алатауын­дағы қайғылы оқиға, жуырда ғана Оң­түстік Қазақстанда орын алған апат қай­мана қазақтың қабырғасын қайыс­тырды. Атаулы оқиғалардан уақтылы ақпарат таратып, халықты дер кезінде нақты ақпаратпен құлақтандырған да телеарналардың жаңалықтар қызметі. Сонымен, «31-арнаның» «Информ­бю­ро­сы», «КТК», «7-арнаның» жаңалық­тары Ұлу жылының «үздік жаңалықтар қызметі» атанып отыр. «Үздік тележүргізуші» Бағдарламаның рейтингтік көрсет­кішінің жоғары болуы ең алдымен те­лежүргізушіге байланысты. Шынын айту керек, кей көрерменнің отандық тележүргізушілерге көңілі тола бер­мей­ді. Жасыратын несі бар, «дайын асқа - тік қасық» боп, алдындағы мәті­нін ғана оқып беретін қуыршақ-теле­жүр­гі­зу­шілердің де қатары әлі азаяр емес. «Астана» телеарнасының «Сырласу Әйгерім Сейфолламен бірге» бағ­дар­ламасы көпшіліктің көңілін баурағаны анық. Бағдарламаның сәтті шығуы ең алдымен жүргізуші Әйгерім Сейфол­ла­ның қитұрқы сұрақтарына да байла­нысты шығар. Биік мінберден сөз сөй­лей­тін саясаткерлерден бастап, халық арасына әннен шашу шашып жүрген әншілер де Әйгерімнің бағдарлама­сында толықтай ашылып, сырын жайып са­ла­ды. Әйгерім Сейфолла биылғы жыл­дың «Үздік тележүргізушісі» атан­ды. Соны­мен қатар «Қазақстан» телеар­на­сының «Апта kz» бағдарламасының сөзұстары Есболат Айдабосын да Ұлу жылының үздіктерінің қатарына енді. «Үздік жаңалықтар жүргізушісі» Диктор - телеарнаның айнасы іс­петтес. Себебі күн сайын кешкі уақытта халық жаңалықтар көру үшін көгілдір экранның алдына жайғасады. «31 арна» мен «КТК» телеарнасының жаңалықтар қызметі көрермендердің ойынан шық­қандықтан, дикторлардың да үздік ата­натыны заңды. Дегенмен төрткүл дү­ниенің түкпір-түкпіріндегі оқиғалар, еліміздегі ақпараттар легін танысты­ратын дикторларға көрермен жоғары талап қояды. Жаңалықтардың сәтті шығуы да диктордың мәтінді қалай жеткізгеніне байланысты. Сонымен, Ұлу жылының үздік дикторларының тізімі төмендегідей: 1. Нұриддин Бидосов, «7-арна»; 2. Жанат Бақыт, «КТК» телеарнасы; 3. Әйгерім Шаймерден, «Астана» телеарнасы; 4. Жайнагүл Төлеміс, «Қазақстан» Ұлт­тық арнасы. «Үздік телеарна» Шүкір дейік, жыл сайын отандық телеарналардың саны артып барады. Бұл қазақ телевизиясының даму са­тысындағы тағы бір белесі болса керек. Күн сайын қазақстандықтар оннан аса отандық телеарна тұрақты көрер­мені атанады. Әрине, әлемдік һәм ре­сейлік телеарналармен бәсекеге түсіп, көрер­меннің көңілін баурау оңай емес. Десе де қазақ телеарналары осы уақытқа дейін бірқатар ірі жетістіктерге қол жеткізді. Осы ретте, Ұлу жылының үз­дік телеарнасы атап өткен де жөн болар. «Қазақстан» телеарнасы биыл «Жа­ныңда жүр, жақсы адам», «Алаш алып­тары», «Тұңғыш» атты үш бірдей деректі фильмді көрерменнің назарына ұсын­ды. Ал «Хабар» агенттігі отандық төл өнімнің санын көбейтуді алдына жан сал­май келеді. «31-арнаның» «Ба­зар­баев­­тар» ситкомы көпшіліктің сүйіп көрер телехикаясына айналды. Атал­мыш үш телеарнаны биылғы жылдың «Үздік телеарнасы» десек, артық бол­мас. Ұлу жылының үздіктерін «Айқын­ның «ДИДАР TV» қосымшасы осылай қо­ры­тындылап отыр. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан күтер үмітіміз мол, әрине. 2013 жылы отандық телеар­на­лар­дың қарқыны үдеп, тың һәм төл өнімнің саны арта түседі деген үмітіміз де жоқ емес. Шынын айту керек, биыл газет бетінде отандық телебағдарламаларға бірқатар сын айтылып, мін тағылды. Мұндағы мақсат - телеарнаның немесе телебағдарламаны жасаушылардың абыройына нұқсан келтіру емес, көзі­қа­рақты көрерменнің пікірін көпшіліктің назарына ұсыну. Жаңа жыл құт-береке әкелсін, әрбір үйдің төріндегі көк жә­шіктен отандық телеарнаның төл өнімі көрсетілсін! Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ  Айқын BAQ.kz

2013 жыл есік қағып тұр. Ұлу жылы қазақ елі үшін берекелі жыл болды. Ал қазақ телевизиясында бірқатар жа­ңа­лықтар орын алды. Биыл тәулік бойы­на ақпарат тарататын «24 kz» телеар­насы мен «Білім» телеарнасы көпшілік көрерменге жол тартты. Кей телеар­налар ел ордасы - Астанадан бой кө­терген медиа орталықтан хабар тарата бастады 

Биылғы жылы отандық те­леарналардан бірқатар сапалы һәм қызықты бағдарламалар назарға ұсы­нылып, өз көрерменін тапты. Өткен жылғы дәстүрді жалғап, 2013 жылдың қарсаңында «Айқынның «Дидар ТV» қосымшасы Ұлу жылының үздіктерін анықтады. Сонымен, газетіміздің оқыр­мандары үздіктерді қалай саралады?
Биыл отандық телеарналардан бір­қатар ойын-сауықтық, сараптамалық, салмақты бағдарламалар, ток-шоулар һәм телехикаялар көрерменмен қа­уышты. Өзгенің өнімі емес, төл өнімде­рі­міздің саны толықты. Бұл - қазақ көрермендерін қуантарлық басты жаңа­лық болса керек. Жылдағы дәстүрді жалғап, биыл да отандық телеэкран­дар­дың үздіктерін саралауды жөн көрдік. Мақсат - әрбір телеарнаның жақсы­сын айтып, жаманын жасыру.

«Үздік ойын-сауықтық бағдарлама»

Толассыз шоудан құлақ тұнса да, отан­дық телеарналар шоу-бағдарла­маларға көбірек ден қояды. Себебі рейтингтің негізгі бөлігін шоу-бағдарла­ма­лар қамтиды. Өткен жылы «Ел арна­ның» «Саз әлемі» ұлттық музыкалық бай­қауы Қоян жылының үздік шоу-бағдарла­ма­сы атанып еді. Аталмыш жо­ба биыл кө­рерменге тағы жол тартты. Әйтсе де, «Саз әлемі - 2» көрерменнің көңілін дөп баспаған сыңайлы. Айт­пақ­шы, өт­кен жылы үздіктердің қатарынан көрін­ген «КТК» телеарнасының «Мәс­саған» бағдарламасы биыл жабылып қалды. Қазақ аудиториясын әдемі әзіл­мен бау­раған бағдарламаның орнына «Мамма мия» жобасы эфирге жол тарт­қан еді. Әйткенмен Баян Есентаеваның тағы бір тележобасы көрерменге ұнай қой­маған сыңайлы. Ғұмыры таусылған шоу-бағдарламалардың ішінде «Ел ар­наның» «Шіркін, лайф» бағдарламасы, Ұлттық арнаның «Екі жұлдыз» бағдар­ламасы да бар.
Биыл көрерменнің көзайымына ай­налған ойын-сауықтық бағдарламалар аз болған жоқ. Есесіне, «Хабар» арна­сының төл туындысы «Ду-думан» бағ­дарламасы көпшіліктің көңілінен шы­ғыпты. «Ду-думан» - үздік әзіл-сықақ театрларын анықтайтын тұңғыш жоба. «31 арнаның» «Қазақша концерті» де көпшілік көрерменнің көңілін баураса, «Қазақстан» телеарнасының «Жайдар­ман» КВН ойындары жастардың сүйіп көретін бағдарламасына айналды. Сонымен қатар «Елім менің» тележо­басы, «ОРТ Еуразия» телеарнасының «Ду қол шоколад» бағдарламасы да үздіктер қатарына ілікті.

«Үздік ток-шоу»

Биыл отандық телеарналардан бір­қатар ток-шоулар жарық көрді. Әрине, әр ток-шоудың қамтитын тақырыбы мен көрермендер аудиториясы әрқилы. Ток-шоудың болғаны коғамдық пікірді қалыптастырып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алуға мол мүм­кіндік берді. Биыл «КТК» телеар­насы орыс тіліндегі «Наша правда» ток-шоуы­ның тұсауын кессе, ұлттық ар­на­дан «Айтуға оңай» бағдарламасы кө­рерменге жол тартты. Ал «Хабар» те­ле­ар­насының «Сонымен, солай дейік» бағ­дар­ламасы «Біз» деген жаңа атауға ие болды. Жасыратыны жоқ, ток-шоу­ларға сын тағып, мін айтушылар көп болды биыл. Әйтсе де, бағдарламаны түсіру тобы һәм тележүргізушілер сын­нан дұрыс сабақ алды деген сеніміміз де жоқ емес.
Сонымен, көрермендер үшін Ұлт­тық арнаның «Айтуға оңай» тұрмыстық-әлеуметтік ток-шоуы үздік деп тапса, өзекті де өткір проблема көтеретін «Ел арнаның» «Мүмкін емес» бағдарламасы да көпшіліктің көңілінен орын алыпты.

«Үздік сараптамалық бағдарлама»

Отандық телеарналардан сарапта­малық бағдарламалар әлі де жетіспейді. Халықтың талғамын оятып, саяси тұр­ғыда сауаттандыратын сараптамалық бағдарламалардың саны көп болғаны жақсы. Үздіксіз шоу-бағдарламалар кө­рерменнің сауатын арттырмасы тағы анық. Былтыр көрермен қауым «КТК» телеарнасының «Астарлы ақиқатын» Қоян жылының «үздік сараптамалық бағдарламасы» деп таныған еді. Биыл «Астарлы ақиқаттың» қарқыны бәсең­деген сыңайлы. Бағдарлама ақиқаттың ауылынан алыстап, сәнге, өсек-аяңға ден қойған ба дерсіз, тіпті. Жұрт «Астар­лы ақиқаттан» сауатты сараптама күтеді. Әйткенмен ақиқаттың астарының ор­нына апта бойы «Жаңалықтардан» кө­рінген сюжеттерді ғана тамашалайтын болдық.
Есесіне, Ұлттық арнаның «Апта kz», «Хабардың» «Жеті күні» әлі де үздіктер қатарында. Айтпақшы, «КТК» телеар­на­сының «Портрет недели» бағдарламасы да үздіктер қатарын толықтырып отыр.

«Үздік жаңалықтар қызметі»

Жалпы, телеарна атаулының алғаш­қы мақсаты - көрерменнің көңілін кө­теру емес, халықты дер кезінде ақпа­рат­тандыру. Айта, айта шаршадық, әйтсе де кей телеарналар рейтинг қуып, жаңа­лықтарды түрлі сипатта шығарады. Бұл да көрермен жинаудың тағы бір тәсілі болар. Телеарналардың рейтингтік көр­сеткішіне зер салсақ, «ОРТ Еуразия», «КТК», «31-арнаның» жаңалықтар қыз­метінің үздік екенін аңғарамыз. Осы тұрғыда көрерменнің пікірі рейтингпен тұспа-тұс келеді. Бір айта кетерлігі, биыл «31 арнаның» «Информбюросы» жаңа сипатта көрерменге жол тартты. Танымал журналист Жүсіпбек Қорғас­бек апта жаңалықтарын қорытынды­ласа, «Сөздің шыны керек» айдарында халықтың көкейінде жүрген ащы шын­дықтың беті ашылады. «КТК» телеарна­сының жаңалықтар қызметіне «ха­лықтық» деп айдар тақсақ та болар. Се­бебі қарашаның басына түскен мәселе «КТК» телеарнасының жаңалықтар қызметі арқылы көпшілікке мәлім бо­лады. Биыл елімізде бірқатар елеулі оқи­ғалар орын алды. Жасыратын несі бар, «Арқанкергендегі» дау, Іле Алатауын­дағы қайғылы оқиға, жуырда ғана Оң­түстік Қазақстанда орын алған апат қай­мана қазақтың қабырғасын қайыс­тырды. Атаулы оқиғалардан уақтылы ақпарат таратып, халықты дер кезінде нақты ақпаратпен құлақтандырған да телеарналардың жаңалықтар қызметі. Сонымен, «31-арнаның» «Информ­бю­ро­сы», «КТК», «7-арнаның» жаңалық­тары Ұлу жылының «үздік жаңалықтар қызметі» атанып отыр.

«Үздік тележүргізуші»

Бағдарламаның рейтингтік көрсет­кішінің жоғары болуы ең алдымен те­лежүргізушіге байланысты. Шынын айту керек, кей көрерменнің отандық тележүргізушілерге көңілі тола бер­мей­ді. Жасыратын несі бар, «дайын асқа - тік қасық» боп, алдындағы мәті­нін ғана оқып беретін қуыршақ-теле­жүр­гі­зу­шілердің де қатары әлі азаяр емес.
«Астана» телеарнасының «Сырласу Әйгерім Сейфолламен бірге» бағ­дар­ламасы көпшіліктің көңілін баурағаны анық. Бағдарламаның сәтті шығуы ең алдымен жүргізуші Әйгерім Сейфол­ла­ның қитұрқы сұрақтарына да байла­нысты шығар. Биік мінберден сөз сөй­лей­тін саясаткерлерден бастап, халық арасына әннен шашу шашып жүрген әншілер де Әйгерімнің бағдарлама­сында толықтай ашылып, сырын жайып са­ла­ды. Әйгерім Сейфолла биылғы жыл­дың «Үздік тележүргізушісі» атан­ды. Соны­мен қатар «Қазақстан» телеар­на­сының «Апта kz» бағдарламасының сөзұстары Есболат Айдабосын да Ұлу жылының үздіктерінің қатарына енді.

«Үздік жаңалықтар жүргізушісі»

Диктор - телеарнаның айнасы іс­петтес. Себебі күн сайын кешкі уақытта халық жаңалықтар көру үшін көгілдір экранның алдына жайғасады. «31 арна» мен «КТК» телеарнасының жаңалықтар қызметі көрермендердің ойынан шық­қандықтан, дикторлардың да үздік ата­натыны заңды. Дегенмен төрткүл дү­ниенің түкпір-түкпіріндегі оқиғалар, еліміздегі ақпараттар легін танысты­ратын дикторларға көрермен жоғары талап қояды. Жаңалықтардың сәтті шығуы да диктордың мәтінді қалай жеткізгеніне байланысты. Сонымен, Ұлу жылының үздік дикторларының тізімі төмендегідей:
1. Нұриддин Бидосов, «7-арна»;
2. Жанат Бақыт, «КТК» телеарнасы;
3. Әйгерім Шаймерден, «Астана» телеарнасы;
4. Жайнагүл Төлеміс, «Қазақстан» Ұлт­тық арнасы.

«Үздік телеарна»
Шүкір дейік, жыл сайын отандық телеарналардың саны артып барады. Бұл қазақ телевизиясының даму са­тысындағы тағы бір белесі болса керек. Күн сайын қазақстандықтар оннан аса отандық телеарна тұрақты көрер­мені атанады. Әрине, әлемдік һәм ре­сейлік телеарналармен бәсекеге түсіп, көрер­меннің көңілін баурау оңай емес. Десе де қазақ телеарналары осы уақытқа дейін бірқатар ірі жетістіктерге қол жеткізді. Осы ретте, Ұлу жылының үз­дік телеарнасы атап өткен де жөн болар. «Қазақстан» телеарнасы биыл «Жа­ныңда жүр, жақсы адам», «Алаш алып­тары», «Тұңғыш» атты үш бірдей деректі фильмді көрерменнің назарына ұсын­ды. Ал «Хабар» агенттігі отандық төл өнімнің санын көбейтуді алдына жан сал­май келеді. «31-арнаның» «Ба­зар­баев­­тар» ситкомы көпшіліктің сүйіп көрер телехикаясына айналды. Атал­мыш үш телеарнаны биылғы жылдың «Үздік телеарнасы» десек, артық бол­мас.
Ұлу жылының үздіктерін «Айқын­ның «ДИДАР TV» қосымшасы осылай қо­ры­тындылап отыр. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан күтер үмітіміз мол, әрине. 2013 жылы отандық телеар­на­лар­дың қарқыны үдеп, тың һәм төл өнімнің саны арта түседі деген үмітіміз де жоқ емес. Шынын айту керек, биыл газет бетінде отандық телебағдарламаларға бірқатар сын айтылып, мін тағылды. Мұндағы мақсат - телеарнаның немесе телебағдарламаны жасаушылардың абыройына нұқсан келтіру емес, көзі­қа­рақты көрерменнің пікірін көпшіліктің назарына ұсыну. Жаңа жыл құт-береке әкелсін, әрбір үйдің төріндегі көк жә­шіктен отандық телеарнаның төл өнімі көрсетілсін!

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ 
Айқын

BAQ.kz

Ұқсас материалдар