Қандастар Ассамблея

Еркебұлан Шынәлиев боксқа қайта оралды

26.12.2012 2496
Қазақстанның боксшылары биылғы маусымды аяқтады. Ең соңғы жарыс таяуда Қарағанды қаласында өтті. Танымал қоғам қайраткері, кезінде осы спорт түрін өркендетуге атсалысқан белді маман Ғалым Жарылқаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Ресей, Әзірбайжан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстан және Қазақстанның бірқатар аймақтарынан келген 150-ге тарта боксшы қатысты. Бақ сынаушылар қатарында белді былғары қолғап шеберлерінің болуы жа­рыс мәртбесін биіктетіп жіберді. Мәселен, 91 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Шынәлиев шеберлік байқасты. Осыдан төрт жыл бұрын ол Бейжіңде алауы тұ­тан­ған Олимпиада ойындарында өнер көр­се­тіп, қола медальді қоржынға салған бола­тын. 2007 жылғы әлем чемпионатында да дәл сондай нәтижеге қол жеткізді. Сол бәсекелерде ол 81 келі салмақ дәре­жесінде күш сынасқан еді. Алайда кейінгі жыл­дары Еркебұлан үлкен спорттан қол үзіп кет­ті. Бір-екі мәрте жарыс жолына шық­қан еді, бірақ бабы келіспей тұрғаны бір­ден бай­қалды. Тіптен 2011 жылы Ал­ма­тыда өткен Қазақстан чемпионатында қалың топтың арасында қалып қойды. Араға біраз уақыт салып, ол қолына был­ғары қолғапты қай­та киді. Қараған­дыдағы турнирде Шынә­лиев ақтық сынға дейін жетті. Финалда Василий Левиттен ұты­лып, күміс медальді мойнына ілді. Бұл сал­мақтың қола ме­далі қытайлық Чен Чун Юн Фа мен тәжік­стан­дық Ясур Құр­ба­новқа бұйырды.  91 келі салмақ біздің ең олқы соғып тұрған тұсымыз екені белгілі. Бұған дейінгі бір­де-бір Олимпиадада осы салмақта ешкім өнер көрсеткен жоқ. 1996 жылы Атланта, 2000 жылы Сидней, 2004 жылы Афины, 2008 жылы Бейжің және 2012 жылы Лон­дондағы байрақты бәсе­келердің жолда­масы жерлестерімізге бұйырмады. Соңғы жылдары Василий Левиттің шоқтығы биік еді, алайда ол да ұзаққа шаба алған жоқ. Биыл Олимпиада­дан шет қалып, Қа­зақ­стан чемпионатының алғашқы ай­налы­мында-ақ ұтылды. Десек те, астана­лық бок­сшы өзінің жоғарыдағы сәтсіз­дік­тері кез­дейсоқ екенін дәлелдеу үшін қазір­гі кезде аянбай тер төгуде. Биыл ел чем­пио­натында қостанайлық Антон Пин­чуктің бағы жанды. Одан бөлек, бұл салмақта талдықорғандық Данияр Үс­тем­баев пен Арбек Абдуғаниев бар. Енді олар­­дың қата­рына Еркебұлан Шынәлиев­тің қосылуы бәсеке­лестіктің арттыруына септігін тигізеді деп ойлаймыз.  81 келі салмақта Азия чемпионатының жүлдегері ас­та­налық Дәурен Елеусінов озды. Финалда ол тараз­дық Мұрат Құрал­баев­ты қапыда қалдырды. 69 келі салмақта еліміздің тағы бір танымал боксшысы Ма­нат Өмір­зақ­ов­тың шоқтығы биік бол­ды. Шығыс Қазақстан облы­сының түлегі ше­шуші тұста әзірбайжандық Елнұр Сү­лей­мановқа сан соқтырды. Алыптардың айқасында ресейлік Василий Емельянов­тың екпіні күшті болды. Ақтық сында ол Қап тауынан келген Игорь Шанинге шаң қаптырды. Тағы төрт салмақ дәрежесінде ринг қожайындары үстемдік құрды. Олар - Ақниет Балтабаев (49 келі), Аманкелді Әділхан (52 келі), Абдолла Нұрғалиев (60 келі), Алмас Тілеубергенов (64 келі). Сон­дай-ақ алматылық Еркін Әбдірайымов (69 келі) пен өскемендік Тимур Ганза (75 келі) өз салмақтарында топ жарды. Ғалым СҮЛЕЙМЕН, Айқын

Қазақстанның боксшылары биылғы маусымды аяқтады. Ең соңғы жарыс таяуда Қарағанды қаласында өтті. Танымал қоғам қайраткері, кезінде осы спорт түрін өркендетуге атсалысқан белді маман Ғалым Жарылқаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Ресей, Әзірбайжан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстан және Қазақстанның бірқатар аймақтарынан келген 150-ге тарта боксшы қатысты.

Бақ сынаушылар қатарында белді былғары қолғап шеберлерінің болуы жа­рыс мәртбесін биіктетіп жіберді. Мәселен, 91 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Шынәлиев шеберлік байқасты. Осыдан төрт жыл бұрын ол Бейжіңде алауы тұ­тан­ған Олимпиада ойындарында өнер көр­се­тіп, қола медальді қоржынға салған бола­тын. 2007 жылғы әлем чемпионатында да дәл сондай нәтижеге қол жеткізді. Сол бәсекелерде ол 81 келі салмақ дәре­жесінде күш сынасқан еді. Алайда кейінгі жыл­дары Еркебұлан үлкен спорттан қол үзіп кет­ті. Бір-екі мәрте жарыс жолына шық­қан еді, бірақ бабы келіспей тұрғаны бір­ден бай­қалды. Тіптен 2011 жылы Ал­ма­тыда өткен Қазақстан чемпионатында қалың топтың арасында қалып қойды. Араға біраз уақыт салып, ол қолына был­ғары қолғапты қай­та киді. Қараған­дыдағы турнирде Шынә­лиев ақтық сынға дейін жетті. Финалда Василий Левиттен ұты­лып, күміс медальді мойнына ілді. Бұл сал­мақтың қола ме­далі қытайлық Чен Чун Юн Фа мен тәжік­стан­дық Ясур Құр­ба­новқа бұйырды. 
91 келі салмақ біздің ең олқы соғып тұрған тұсымыз екені белгілі. Бұған дейінгі бір­де-бір Олимпиадада осы салмақта ешкім өнер көрсеткен жоқ. 1996 жылы Атланта, 2000 жылы Сидней, 2004 жылы Афины, 2008 жылы Бейжің және 2012 жылы Лон­дондағы байрақты бәсе­келердің жолда­масы жерлестерімізге бұйырмады. Соңғы жылдары Василий Левиттің шоқтығы биік еді, алайда ол да ұзаққа шаба алған жоқ. Биыл Олимпиада­дан шет қалып, Қа­зақ­стан чемпионатының алғашқы ай­налы­мында-ақ ұтылды. Десек те, астана­лық бок­сшы өзінің жоғарыдағы сәтсіз­дік­тері кез­дейсоқ екенін дәлелдеу үшін қазір­гі кезде аянбай тер төгуде. Биыл ел чем­пио­натында қостанайлық Антон Пин­чуктің бағы жанды. Одан бөлек, бұл салмақта талдықорғандық Данияр Үс­тем­баев пен Арбек Абдуғаниев бар. Енді олар­­дың қата­рына Еркебұлан Шынәлиев­тің қосылуы бәсеке­лестіктің арттыруына септігін тигізеді деп ойлаймыз. 
81 келі салмақта Азия чемпионатының жүлдегері ас­та­налық Дәурен Елеусінов озды. Финалда ол тараз­дық Мұрат Құрал­баев­ты қапыда қалдырды. 69 келі салмақта еліміздің тағы бір танымал боксшысы Ма­нат Өмір­зақ­ов­тың шоқтығы биік бол­ды. Шығыс Қазақстан облы­сының түлегі ше­шуші тұста әзірбайжандық Елнұр Сү­лей­мановқа сан соқтырды. Алыптардың айқасында ресейлік Василий Емельянов­тың екпіні күшті болды. Ақтық сында ол Қап тауынан келген Игорь Шанинге шаң қаптырды. Тағы төрт салмақ дәрежесінде ринг қожайындары үстемдік құрды. Олар - Ақниет Балтабаев (49 келі), Аманкелді Әділхан (52 келі), Абдолла Нұрғалиев (60 келі), Алмас Тілеубергенов (64 келі). Сон­дай-ақ алматылық Еркін Әбдірайымов (69 келі) пен өскемендік Тимур Ганза (75 келі) өз салмақтарында топ жарды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН, Айқын

Ұқсас материалдар