Қандастар Ассамблея

Нұрсұлтан Назарбаев «Парыз-2012» конкурсының бас жүлдесін табыс етті

25.12.2012 1613
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру күніне арналған салтанатты шара барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының бас жүлдесін табыс етті. Биылғы «Парыз» «ҚазТрансОйл» АҚ-на бұйырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «ҚазТрансОйл» АҚ-сы жалпы сомасы 4,1 млрд теңгеге әлеуметтік объектілерінің құрылысын, оның ішінде: Үшарал қаласында тұрғын үйді, Павлодар қаласында 5 көп фунционалды спорт алаңдарын, Орал қаласында бес қабатты 6 тұрғын үй құрылысын, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында 6 көп функционалды спорт алаңдарының құрылысын, Қарағанды облысының Атасу ауылында 170 орынды балабақша құрылысын,Үшарал қаласында 2 көп функционалды спорт алаңының құрылысын, Павлодар қаласындағы көп функционалды спорт кешенінің құрылысын қаржыландырды. Компания жалпы 2,6 млрд теңге көлемінде демеушілік көмек көрсеткен.   Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ BNews.kz

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру күніне арналған салтанатты шара барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының бас жүлдесін табыс етті. Биылғы «Парыз» «ҚазТрансОйл» АҚ-на бұйырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«ҚазТрансОйл» АҚ-сы жалпы сомасы 4,1 млрд теңгеге әлеуметтік объектілерінің құрылысын, оның ішінде: Үшарал қаласында тұрғын үйді, Павлодар қаласында 5 көп фунционалды спорт алаңдарын, Орал қаласында бес қабатты 6 тұрғын үй құрылысын, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында 6 көп функционалды спорт алаңдарының құрылысын, Қарағанды облысының Атасу ауылында 170 орынды балабақша құрылысын,Үшарал қаласында 2 көп функционалды спорт алаңының құрылысын, Павлодар қаласындағы көп функционалды спорт кешенінің құрылысын қаржыландырды. Компания жалпы 2,6 млрд теңге көлемінде демеушілік көмек көрсеткен.

 

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
BNews.kz

Ұқсас материалдар