Қандастар Ассамблея

Латын әліпбиінің жобасының таныстырылымы өтті

25.12.2012 2121
Мамандардың пікірінше, латын қарпіне көшу барысында тілімізге тән ерекшелік ескерілуі тиіс. Бұл жағынан көршілес Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан елдерінің тәжірибесіне сүйенбек. Қазіргі әліпбиді латын графикасына көшіру үшін 12 жыл тым аз. Бұл – тек әріп таңбаларын ауыстыру ғана емес, сонымен қатар көптеген техникалық және әлеуметтік қиыншылықтары бар мәселе. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен «Аманат» зияткерлік клубының отырысында айтылды. Басқосуда латын әліпбиіне көшудің халықаралық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және техникалық аспектілері қаралды. Ерлан ҚАРИН, «Нұр Отан» ХДП хатшысы: - Елбасы биылғы Жолдауда айтқандай, латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселелердің бірі. Кейбіреулер латын әліпбиіне көшуге келгенде техникалық, басқа да қиыншылықтарын айтып жатады. Бірақ латын әліпбиіне көшу – өркениетті таңдау мәселесі болып табылады. Дереккөзі: http://baq.kz  

Мамандардың пікірінше, латын қарпіне көшу барысында тілімізге тән ерекшелік ескерілуі тиіс. Бұл жағынан көршілес Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан елдерінің тәжірибесіне сүйенбек. Қазіргі әліпбиді латын графикасына көшіру үшін 12 жыл тым аз. Бұл – тек әріп таңбаларын ауыстыру ғана емес, сонымен қатар көптеген техникалық және әлеуметтік қиыншылықтары бар мәселе. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен «Аманат» зияткерлік клубының отырысында айтылды. Басқосуда латын әліпбиіне көшудің халықаралық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және техникалық аспектілері қаралды.

Ерлан ҚАРИН, «Нұр Отан» ХДП хатшысы:

- Елбасы биылғы Жолдауда айтқандай, латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселелердің бірі. Кейбіреулер латын әліпбиіне көшуге келгенде техникалық, басқа да қиыншылықтарын айтып жатады. Бірақ латын әліпбиіне көшу – өркениетті таңдау мәселесі болып табылады.

Дереккөзі: http://baq.kz

 

Ұқсас материалдар