Қандастар Ассамблея

Нұрсұлтан Назарбаев сирек кездесетін металл концентраттары өндірісін іске қосты

25.12.2012 2204
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жалпыұлттық телекөпір барысында Ақмола облысындағы «Сареко» ЖШС-нің сирек кездесетін металл концентраттары өндірісін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Химиялық бағыттағы бұл кәсіпорындардың барлығының маңызы зор. Бұл елдегі индустрияландырудың өте маңызды саласы. Олар бұрын-соңды Қазқастанда болмаған инновациялық жобалар болып табылады», - деген Елбасы нысанды іске қосты . Ұжымдық концентраттар өндірісі – жоғарғы технологияға негізделген металлургия өнеркәсібін дамытатын жалғыз жоба. Кәсіпорын сирек топырақты металл өндірісін қолға алды. Осы арқылы елімізде минералды ресурстарды қалдықсыз өндіру жолға қойылып, экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Өндіріс құны – 4 млрд 430 млн теңге. Жоба қуаттылығы – 1540 ұжымдық концентраттағы карбонат. Кәсіпорында 270 тұрақты жұмыс орны ашылады.   Диана Құлмағанбетова BNews.kz  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жалпыұлттық телекөпір барысында Ақмола облысындағы «Сареко» ЖШС-нің сирек кездесетін металл концентраттары өндірісін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Химиялық бағыттағы бұл кәсіпорындардың барлығының маңызы зор. Бұл елдегі индустрияландырудың өте маңызды саласы. Олар бұрын-соңды Қазқастанда болмаған инновациялық жобалар болып табылады», - деген Елбасы нысанды іске қосты .

Ұжымдық концентраттар өндірісі – жоғарғы технологияға негізделген металлургия өнеркәсібін дамытатын жалғыз жоба. Кәсіпорын сирек топырақты металл өндірісін қолға алды. Осы арқылы елімізде минералды ресурстарды қалдықсыз өндіру жолға қойылып, экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Өндіріс құны – 4 млрд 430 млн теңге. Жоба қуаттылығы – 1540 ұжымдық концентраттағы карбонат. Кәсіпорында 270 тұрақты жұмыс орны ашылады.

 

Диана Құлмағанбетова

BNews.kz

 

Ұқсас материалдар